TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57357 47
Мемлекет басшысы UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Чжун Юнмен кездесті
 
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев корпорацияның Алматыда білім беруге және қызмет көрсетуге арналған роботты техникалар шығаратын зауыт ашу жоспарына қолдау білдірді.
 
🔹Президент еліміз аталған компанияның Қытайдан тысқары жердегі алғашқы өндіріс алаңы болатынын айтты. Бұл жоба биыл шілде айында Шанхайда қол жеткізілген уағдаластыққа сай іске асырылып жатыр.
 
🔹Кездесуде білім саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды. Атап айтқанда, UBTECH пен Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары және колледждері арасында жүйелі ықпалдастық орнату мүмкіндігі қаралды.

🔹Бұдан бөлек, бірлескен құзырет орталығын құру ұсынылды. Осы бастама аясында қазақстандық мамандар компанияның зерттеу және өнім әзірлеу қызметіне қатыса алады.
 
🔹Сонымен қатар UBTECH технологияларын Alatau City жобасына жан-жақты енгізу, тау-кен, мұнай-газ салаларында және ірі логистикалық нысандарда роботты техникаларды пайдалану мәселелері қарастырылды.
 
🔹Чжун Юн цифрландыру және жасанды интеллект салаларына ерекше көңіл бөлгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. Бұл бағыттарда Қазақстан елеулі табысқа қол жеткізгенін атап өтті.

🔹Сондай-ақ UBTECH өкілі елімізде ашық, инклюзивті әрі нақты нәтижеге бағдарланған даму ортасы қалыптасқанын жоғары бағалады. Оның пікірінше, бірлескен жобаларды жүзеге асыру ынтымақтастық аясын кеңейтуге және цифрлық технологияларды енгізуге тың серпін береді.
 
More from @ortcom_kz
  1. Sep 25, 2026«Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында жалпы сомасы 8,2 миллиард доллар болатын…
  2. Sep 25, 2026Глава государства встретился со старшим президентом UBTECH Robotics Corp Чжун Юном 🔹Касым…
  3. Sep 25, 2026Касым-Жомарт Токаев принял исполнительного директора YTO Express Чжоу Цзяня и руководителя…
  4. Sep 25, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев YTO Express атқарушы директоры Чжоу Цзянь мен Pinduoduo компаниясының…
  5. Sep 25, 2026Касым-Жомарт Токаев принял президента Xinfa Group Чжан Гуйчуна 🔹В рамках встречи Глава го…
  6. Sep 25, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев Xinfa Group компаниясының президенті Чжан Гуйчунды қабылдады 🔹Кездесу…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →