Қасым-Жомарт Тоқаев Xinfa Group компаниясының президенті Чжан Гуйчунды қабылдады
🔹Кездесуде Мемлекет басшысы еліміздің ұзақмерзімді ынтымақтастыққа, Қазақстанда заманауи технологияларды енгізуге және өндірісті дамытуға бейіл ірі инвесторлармен жұмыс істеуге қызығушылық танытатынын жеткізді.
🔹Осы орайда, Президент металлургия және көмір химиясы салаларында толық өндірістік тізбекке ие Xinfa компаниясымен ықпалдастыққа әзір екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тәсіл елімізді индустриялық тұрғыдан дамыту басымдықтарына сай келетінін айтты.
🔹Кездесуде Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнын игеру перспективасы қарастырылды. Бұл жұмыс қазақ-қытай өндірістік кооперациясының жаңа кезеңге қадам басқанын көрсетеді.
🔹Президент кен орнын кешенді игеруге назар аударды. Атап айтқанда, мұнда жартылай кокс, сутегі, синтез-газ, жоғары сапалы мұнай өнімдерін өндіру арқылы интеграцияланған өндіріс тізбегін құрған жөн. Аталған жоба арқылы 2 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға болады.
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чжан Гуйчун аса маңызды материалдар саласында серіктестікті нығайту мәселесін талқылады.
🔹Чжан Гуйчун Xinfa Group компаниясының әріптестікті кеңейту жоспарын таныстырып, бірлескен жобаларға қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.
Post #57353
81
