TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57360 139
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр
 
Жеделхаттарда шетел көшбасшылары осынау қиын сәтте Қазақстан халқымен бірге екенін жеткізген.

Сонымен қатар қазақстандықтардың ауыр қайғысына ортақтасып, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтады.
 
Көңіл айту жеделхаттарын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті То Лам, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері жолдады.
 
Қазақстан Президенті халықаралық қоғамдастықтың жұбаныш сөзі мен қолдауына ризашылығын білдірді.
More from @ortcom_kz
  1. Sep 26, 2026✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істерд…
  2. Sep 26, 2026Президент Касым-Жомарт Токаев направил поздравительную телеграмму президенту Казахстанской…
  3. Sep 26, 2026Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті л…
  4. Sep 25, 2026На имя Президента Касым-Жомарта Токаева продолжают поступать телеграммы соболезнования от…
  5. Sep 25, 2026«Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы аясында жалпы сомасы 8,2 миллиард доллар болатын…
  6. Sep 25, 2026Глава государства встретился со старшим президентом UBTECH Robotics Corp Чжун Юном 🔹Касым…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →