Қасым-Жомарт Тоқаев YTO Express атқарушы директоры Чжоу Цзянь мен Pinduoduo компаниясының халықаралық бизнес жөніндегі жетекшісі Вэн Пэйчэнді қабылдады
🔹Әңгімелесу барысында логистика және электронды коммерция саласында, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру аясында өзара тиімді ынтымақтастық құруға мүмкіндік мол екені атап өтілді.
🔹Президенттің айтуынша, еліміз 2030 жылға қарай жалпы саудадағы электронды коммерцияның үлесін 20 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр.
🔹Мемлекет басшысы бұл ретте қытайлық серіктестермен бірлесе аталған міндетті мерзімінен бұрын орындауға болады деп санайды.
🔹Кездесуде Almaty SkyHub көлік-логистика хабын құру жобасына айрықша мән берілді. Мақсат – Еуропалық одақ, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне шығатын тауарларды жедел рәсімдеу. Осы бастама Қазақстанның оңтүстік өңірінде көлік-логистика саласының дамуына тың серпін бермек.
🔹Мемлекет басшысы интеллектуалды IT-шешімдерді кеңінен қолданатын әрі логистика үдерісін автоматтандырған Qazpost-YTО бірлескен кәсіпорнының жұмысын оң бағалады. Бүгінге дейін YTO Express пен «Қазпошта» құрған кәсіпорын 12,5 миллион сәлемдеме жөнелткен.
🔹Чжоу Цзянь ірі жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
🔹YTO Express атқарушы директоры Қазақстан Президентіне компанияның тиімді жеткізу тізбегін жолға қою, сондай-ақ логистика үдерісін цифрландыру тәжірибесі туралы мәлімет берді.
🔹Кездесу барысында Вэн Пэйчэн биыл қазан айында Қазақстанда Pinduoduo компаниясымен бірлескен жобаның іске қосылатынын айтты.
Post #57355
79
