TGViewer
Нұрлан Көптілеуов. Нұрлан Көптілеуов. @nurlankoptleu · 194 subscribers
Post #321 53
Халық Кеңесі: сабақтастық пен жаңа буын

Жаңа Конституция негізінде қалыптасып жатқан маңызды институттардың бірі - Қазақстан Халық Кеңесі. Енді оның құрамы жасақталатын кезеңге де жақындадық.

Халық Кеңесі - қоғамдық пікір мен мемлекеттік ұстанымның тоғысатын консультативтік алаңы. Сондықтан оның құрамына кімдердің енетіні қоғам үшін де маңызды мәселе.

Құрылтайдың жаңа құрамынан біз қоғамдық-саяси ортадағы жаңарудың айқын белгілерін көрдік. Әртүрлі саладан келген жаңа буын өкілдері, кәсіби мамандар, қоғамдық бастамаларда жүрген азаматтар мемлекеттік деңгейдегі пікірталасқа кеңінен тартылды.

Енді осындай жаңарудың Халық Кеңесінің құрамынан да көрініс табатынын күтуге болады.

Әсіресе соңғы жылдары қоғамдық кеңестерде, үкіметтік емес ұйымдарда, сарапшылық және кәсіби ортада, өңірлік қоғамдық бастамаларда белсенді жұмыс істеп жүрген азаматтардың тәжірибесі бар. Олардың арасында елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуға дайын, мемлекеттік мүддені түсінетін, қоғамның сұранысын білетін, жасампаз ұстанымы бар жаңа буын қалыптасып келеді.

Бәлкім, Халық Кеңесінің жаңарған құрамынан біз осы ортаның өкілдерін де көрерміз.

Бұл ретте жаңару сабақтастықпен қатар жүргені маңызды. Бұған дейін ұлттық қоғамдық диалог алаңдарында еңбек еткен азаматтардың тәжірибесі де жаңа институттың қалыптасуына қажет.

Сондықтан алдағы құрамнан тәжірибе мен жаңа буынның, сабақтастық пен жаңарудың табиғи үйлесімін көру қызықты болмақ.

Өйткені әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды құру - тек мемлекеттік институттардың міндеті емес. Бұл іске қоғамдық жауапкершілігі жоғары, ел болашағына сенетін және оны құруға дайын азаматтардың да белсенді қатысуы маңызды.

Халық Кеңесінің жаңа құрамы қоғамдағы осы өзгерістердің қаншалықты деңгейде көрініс табатынын көрсететін маңызды көрсеткіш болмақ.
  • ❤ 1
More from @nurlankoptleu
  1. Oct 9, 2026ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЭКСПОРТ ДОБРЫХ ДЕЛ От стандартов экологической ответственности и обществен…
  2. Oct 5, 2026Прогрессивные экологи и общественники предлагают проектный офис для национальных стандарто…
  3. Oct 5, 2026Прогрессивные экологи и общественники предлагают проектный офис для национальных стандарто…
  4. Oct 2, 2026«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАУАПКЕРШІЛІК, ЖАСАМПАЗДЫҚ және ДАЛА ДЕМОКРАТИЯСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖОҒАРҒЫ ЭКОЛ…
  5. Sep 29, 2026Диалогтан жауапты қатысуға: Қазақстан Халық Кеңесінің мәні неде? Қазақстан Халық Кеңесінің…
  6. Sep 29, 2026Диалогтан жауапты қатысуға: Қазақстан Халық Кеңесінің мәні неде?
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →