Telegram-парақша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкіліне тиесілі.
ҚР СІМ-нің ресми өкілі – Жанболат Үсенов.
Мұнда түсініктемелер, мәлімдемелер және брифингтер жарияланады.
Post #26
58
Осыдан бірнеше күн бұрын Сыртқы істер министрлігінің арналарында бір жаңалық жарияланды. Бір қарағанда, ол таза техникалық дүние болып көрінуі мүмкін: кезекті халықаралық шарт, құқықтық тұжырымдар, 1947 жылғы құжатқа сілтеме. Сондықтан бұл хабарды неге маңызды санайтынымызды тарқатып айтқым келеді.
БҰҰ Хатшылығы Қазақстан Республикасының 1947 жылғы 21 қарашадағы Мамандандырылған мекемелердің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға қосылу рәсімінің аяқталғанын хабарлады.
Бұл құжат БҰҰ Бас Ассамблеясы Ұйымның алғашқы жылдарында мақұлданған еді, содан бері ол көпжақты ынтымақтастық архитектурсының іргетасына айналды. Бүгінде конвенцияға 130-дан астам мемлекет қатысады, ал оның күші БҰҰ-ның бүкіл «кәсіби корпусына» - денсаулық сақтау, еңбек, білім, авиация, байланыс, зияткерлік меншік және өзге де салалармен айналысатын мекемелерге қолданылады. Олардың әрқайсысы конвенцияның жеке қосымшасына енгізілген, ал дербестігіне кепілдік беретін де – дәл осы құжат: қызметкерлердің дипломатиялық мәртебесі, үй-жайлардың, мұрағаттар мен мүліктің қол сұғылмаушылығы, байланыс еркіндігі және т.б.
Бұл Қазақстанға не үшін қажет? Осы уақытқа дейін БҰҰ жүйесіндегі әрбір мекеменің елімізде орнығуын бөлек-бөлек екіжақты келісімдермен реттеуге тура келетін. Бұл – ұзаққа созылатын, біркелкі емес әрі әрдайым болжауға көне бермейтін үдеріс. Енді біртұтас, әмбебап құқықтық негіз пайда болды. Яғни БҰҰ-ның жаңа құрылымы Қазақстанда өкілдігін бірнеше есе жылдам аша алады, ал елде жұмыс істеп жатқан мекемелер – ДДҰ, ФАО, ХЕҰ, ЮНЕСКО және басқалары бағдарламаларын кеңейтіп, жобаларын қаржыландыруды да, штатын да ұлғайтуға мүмкіндік алады.
Ал мұның ар жағында біз сатып алмайтын, бағдарламалық ынтымақтастық аясында қолжетімді болатын сараптама мен технологиялар тұр: эпидемиологиялық қадағалау мен азық-түлік қауіпсіздігі жүйелерінен бастап мәдени мұраны қорғау мен лайықты еңбек стандарттарына дейін. Бұл – жергілікті жеткізушілерден тауар мен қызмет сатып алу. Бұл – қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындары, оның үстіне жоғары білікті, халықаралық деңгейде ақы төленетін жұмыс орындары.
Конференциялық дипломатия жайында бөлек айтқан жөн. Конвенция Қазақстанда қысқа мерзімді халықаралық іс-шараларды – БҰҰ қолдауымен өтетін семинарлар, конференциялар, сараптамалық сессияларды өткізуді айтарлықтай жеңілдетеді. Ұйымдастырушылар үшін қатысушылардың мәртебесі мен иммунитеті мәселесі алаң таңдағанда әрқашан басты кедергілердің бірі болып келді. Енді бұл кедергі алынды: Қазақстан БҰҰ-ның өңірлік және жаһандық деңгейдегі ресми іс-шараларын қабылдауға әлдеқайда ыңғайлы әрі бәсекеге қабілетті елге айналады. Оның еліміздің халықаралық беделі мен іскерлік абыройына, қалаларымыздың туристік тартымдылығы мен танымалдығына тигізер әсері айқын.
Мұның бәрі Алматыны Орталық Азия үшін толыққанды БҰҰ хабына айналдыру жолындағы жалпы жұмыстың арнасына құйылады. Еске салайын, биыл Қазақстан оңтүстік астанада Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының жұмысына қажетті негізгі құжаттарды ратификациялап шықты. Конвенцияға қосылу осы құрылымның жетіспей тұрған құқықтық буыны. Ол Ұйымның өңірлік офистері мен жаңа құрылымдарын Алматыға көшіру туралы келіссөздерді нақтырақ жүргізуге жол ашады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының баламасы жоқ екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Көпжақты тетіктер күн сайын дерлік сынға түсіп жатқан әлемде Қазақстан халықаралық үдерістерге тереңірек араласуды, уақыт сынынан өткен институттарға сүйенуді таңдап отыр. Еліміз БҰҰ жүйесіне неғұрлым тығыз кіріккен сайын, оның институттары бізде неғұрлым кең өкілдік еткен сайын, жаһандық алаңдарда қазақстандық үн соғұрлым қуатты естіледі, өңірдегі және әлемдегі ұстанымымыз соғұрлым нығая түседі.
📎 Официальный канал на русском языке: @MFA_Spokesperson2