TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25525 254

Forwarded from UKIMET

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің өкімімен Мемлекет басшысының Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында автожол саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобына жол құрылысының қолданыстағы жүйесі мен оның сапасын бағалау тәсілдерін қайта қарау, стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңарту міндеті жүктелді. Саланы басқарудың жаңа тетігі, оның ішінде цифрлық шешімдерді де ескере отырып, жол инфрақұрылымын жақсартуға, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары басқаратын жұмыс тобына көлік, өнеркәсіп және құрылыс, қаржы, ішкі істер, экология және табиғи ресурстар, энергетика министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокурорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері, сондай-ақ сала сарапшылары мен Құрылтай депутаттары кірді.

Премьер-министр осы жылдың 1 желтоқсанына дейін автожол саласын түбегейлі реформалау бойынша, оның ішінде заңнамалық шараларды қамтитын ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

📱 @KZgovernment
More from @kolikpress
  1. Oct 14, 2026⚜️В Астане обсудили приоритеты транспортного сотрудничества стран ОЭС до 2035 года В Астан…
  2. Oct 14, 2026photo post
  3. Oct 14, 2026⚜️Астанада Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің көлік саласын дамыту мәселелері талқ…
  4. Oct 14, 2026video post
  5. Oct 14, 2026📍В Астане стартовала международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 Сегодня в Межд…
  6. Oct 14, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →