TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25541 306
⚜️Астанада Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің көлік саласын дамыту мәселелері талқыланды

Астанада Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің Көлік министрлерінің 14-кеңесіне дайындық аясында жоғары лауазымды тұлғалардың кеңесі өтті.

Жиынға ұйымға мүше мемлекеттер мен ЭЫҰ хатшылығының өкілдері, сондай-ақ Бас хатшының орынбасары Силапберды Нурбердиев қатысты.

Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің делегациясы қатысты.
Қатысушылар 2026–2035 жылдарға арналған ЭЫҰ көлік саласын тұрақты дамыту және сыртқы сын-қатерлерге бейімдеу стратегиясының жобасын, сондай-ақ Астана декларациясының жобасын қарады. Бұл құжаттар өңірдегі көлік байланысын нығайтуға және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Қазақстан тарапы халықаралық көлік дәліздерін үйлесімді дамыту, жүк тасымалының тиімділігін арттыру және көлік-логистика инфрақұрылымын жетілдіру маңызды екенін атап өтті.

Шығыс–Батыс және Солтүстік–Оңтүстік бағыттарына, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен Қазақстан – Түрікменстан – Иран дәлізіне ерекше назар аударылды.

Қазақстан делегациясы мультимодальды тасымалды дамыту, цифрлық көлік жүйелерінің өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, халықаралық көлік дәліздерінің тиімділігін бағалау және басым инфрақұрылымдық жобаларды айқындау бойынша ұсыныстарын таныстырды.

Қазақстан ұсынған бастамалар қолдау тауып, құжат жобаларын талқылау кезінде ескерілді. Қатысушылар өңірлік көлік ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.

Кеңес қорытындылары 15 қазанда Астанада өтетін ЭЫҰ-ға мүше мемлекеттер Көлік министрлерінің 14-кеңесінде ұсынылады.
More from @kolikpress
  1. Oct 15, 2026🔹В Астане начал работу VIII международный бизнес-форум «NEW SILK WAY» В Астане состоялось…
  2. Oct 15, 2026photo post
  3. Oct 15, 2026🔹Астанада «NEW SILK WAY» VIII халықаралық бизнес-форумы өз жұмысын бастады Астанада Қазақ…
  4. Oct 15, 2026🔹NEW SILK WAY форумының қонақтарын қарсы алу және алғашқы кездесулер
  5. Oct 14, 2026⚜️В Астане обсудили приоритеты транспортного сотрудничества стран ОЭС до 2035 года В Астан…
  6. Oct 14, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →