TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25431 311
✈️Қазақстан мен Оман әуе қатынасын дамыту үшін құқықтық негізді нығайтты

2026 жылғы 6 қазанда Астана қаласында Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында мемлекеттер басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісіммен алмасу рәсімі өтті.

Қазақстан тарапынан Келісімге Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, Оман тарапынан Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Бадр бин Хамад Әл-Бусаиди қол қойды.

Келісім азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізін нығайтып, Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасын одан әрі дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Келісімді іске асыру Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға, инвестициялар тартуға, сондай-ақ туристік және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
More from @kolikpress
  1. Oct 7, 2026📌В Астане обсуждены перспективы развития авиационной отрасли и сотрудничества Казахстана…
  2. Oct 7, 2026photo post
  3. Oct 7, 2026📌Астанада авиация саласын дамыту және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастық…
  4. Oct 7, 2026🚊За 9 месяцев 2026 года железнодорожные перевозки зерна выросли на 12% За январь–сентябрь…
  5. Oct 7, 2026photo post
  6. Oct 7, 2026🚊2026 жылдың 9 айында теміржол арқылыастық тасымалдау көлемі 12%-ға өсті 2026 жылғы қаңта…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →