TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25434 309
🚊2026 жылдың 9 айында теміржол арқылыастық тасымалдау көлемі 12%-ға өсті

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанның теміржол желісі арқылы 10,8 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдыңсәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға (9,61 млн тонна) көп. Экспорттық тасымал көлемі 8,4 млн тоннаны құрап, 14%-ға артты.

Оң динамика Орталық Азия елдерінебағытталған тасымалдарда байқалады. Ағымдағы жылдың тоғыз айында бұл елдерге теміржол көлігімен 5,5 млн тонна астық тасымалданды, 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 33%-ға жоғары. Негізгі көлем Өзбекстанға – 4,11 млн тонна (+44%) және Тәжікстанға – 1,18 млн тонна (+16%) тиесілі. Қырғызстанға 184 мың тонна, Түрікменстанға 30 мың тонна астық жөнелтілді.

Экспорттың басқа бағыттарында да тасымал көлемінің өсімі байқалады. Қытайға 750 мыңтонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 54%-ға көп. Ауғанстанға 762 мың тонна жөнелтілді, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 есе жоғары.

Жаңа егін жинау маусымының басталуымен астық тиеу көлемінің өсуі жалғасуда. 2026 жылғы қыркүйекте астық тиеу көлемі 1,45 млн тоннаны құрап, рекордтық көрсеткішке жетті және 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артты.

Жаңа өнімді тұрақты әрі уақтылы тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі астықты теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және үйлестіру жөніндегі Астық штабын құрды. Штаб тасымалдау процесіне қатысушылардың барлығының қызметін үйлестіріп, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамның дайындығын бақылайды, сондай-ақ туындаған мәселелердіжедел шешу үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Жаңа өнімді тасымалдау үшін қажетті жылжымалы құрам дайындалды. Қазіргі уақытта 16,9 мың астық тасығыш, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив бар. Қолда бар жылжымалы құрам астықты толық көлемде тасымалдауды қамтамасыз етуге жеткілікті. Қажет болған жағдайда тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қосымша мүмкіндіктер қарастырылған.
More from @kolikpress
  1. Oct 7, 2026📌В Астане обсуждены перспективы развития авиационной отрасли и сотрудничества Казахстана…
  2. Oct 7, 2026photo post
  3. Oct 7, 2026📌Астанада авиация саласын дамыту және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастық…
  4. Oct 7, 2026🚊За 9 месяцев 2026 года железнодорожные перевозки зерна выросли на 12% За январь–сентябрь…
  5. Oct 7, 2026photo post
  6. Oct 6, 2026✈️Казахстан и Оман укрепили правовую основу для развития воздушного сообщения 6 октября 20…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →