TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25424 96

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

🇰🇿🇴🇲Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың алдағы бағыт-бағдарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады
 
🤝Мемлекеттер басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті:
 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім;

3. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority Оман ұлттық инвестициялық қоры арасындағы бірлескен инвестициялық құрылым (қор) құру туралы келісім;

4. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Oman Investment Authority Оман ұлттық инвестициялық қоры арасындағы Blue City Rixos бірлескен жобасы шеңберіндегі негізгі шарттар туралы келісім;

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Оман Сұлтандығы Қаржы министрлігі арасындағы қаржы саласы бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;

6. «Атамекен» ҰКП мен Оман Сұлтандығы Сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Қазақстан-Оман іскерлік кеңесін құру жөніндегі өзара түсіністік туралы келісім;

7. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен OQ Exploration & Production компаниясы арасындағы геологиялық барлау саласы бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;

8. Еуразиялық даму банкі мен Оман Сұлтандығы Үкіметі арасындағы Еуразиялық даму банкінің Оман Сұлтандығында қызмет ету шарттары туралы келісім.

t.me/aqorda_resmi
More from @kolikpress
  1. Oct 6, 2026✈️Казахстан и Оман укрепили правовую основу для развития воздушного сообщения 6 октября 20…
  2. Oct 6, 2026photo post
  3. Oct 6, 2026✈️Қазақстан мен Оман әуе қатынасын дамыту үшін құқықтық негізді нығайтты 2026 жылғы 6 қаза…
  4. Oct 6, 2026🇰🇿🇴🇲По итогам переговоров Касым-Жомарт Токаев и Хайсам бен Тарик Аль Саид приняли Совм…
  5. Oct 6, 2026🏫Реконструкция вокзала Алматы-1 выходит на завершающий этап На вокзале Алматы-1 завершают…
  6. Oct 6, 2026video post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →