TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.94K subscribers
Post #25347 223
🛣️Көлік министрлігінде жергілікті жолдардың сапасын арттырудың жаңа тәсілдері талқыланды

Астанада «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» республикалық семинары жалғасуда. Семинардың екінші күнінде жолдарды пайдалану және күтіп-ұстау, сапаны бақылау, жол қауіпсіздігі және саланы цифрландыру мәселелері қаралды.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде әкімдіктердің бейінді басқармаларының басшылары, сондай-ақ мердігерлік және жобалау ұйымдарының өкілдері қатысуда. Негізгі назар жергілікті жол желісін жоспарлау, жөндеу және кейінгі күтіп-ұстау мәселелеріне аударылды.

Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин жергілікті жолдардың сапасын арттыру үшін өңірлерде басым учаскелерді анықтаудан бастап жобаларды әзірлеу, жұмыстардың сапасын бақылау және жолдарды одан әрі күтіп-ұстауға дейінгі барлық кезеңдер бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті.

«Жөндеуді қажет ететін жолдарды анықтау ғана емес, бүкіл процесті дұрыс ұйымдастыру маңызды. Жоспарлаудың, жобаларды әзірлеудің және сапаны бақылаудың деңгейі түпкілікті нәтижеге тікелей әсер етеді. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар, жобалау және мердігерлік ұйымдар арасында үйлесімді жұмыс болуы қажет»,

— деді Төлеген Абдуллин.

Семинардың екінші күні «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық жол желісін пайдалану және күтіп-ұстау тәжірибесін таныстырды. Ұлттық жол активтері сапасы орталығы жол жұмыстарының сапасын бақылау тәсілдері туралы ақпарат берді. Өңірлер мен мердігерлік ұйымдардың өкілдері жергілікті жол желісіндегі жобаларды іске асырудың практикалық мәселелерін талқылады.

Семинар қорытындысы бойынша алдағы үш жылға жол жұмыстарының сапасын одан әрі арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеу көзделіп отыр.
More from @kolikpress
  1. Oct 1, 2026🛣️В Минтрансе обсудили новые подходы к повышению качества местных дорог В Астане продолжа…
  2. Oct 1, 2026photo post
  3. Oct 1, 2026🏫Вокзал станции Уштобе с почти вековой историей обрёл современный облик В области Жетысу…
  4. Oct 1, 2026photo post
  5. Oct 1, 2026🏫Бір ғасырға жуық тарихы бар Үштөбе станциясының вокзалы заманауи келбетке ие болды Жетіс…
  6. Oct 1, 2026🏫В Кокшетау после реконструкции открыт железнодорожный вокзал В городе Кокшетау состоялос…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →