TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.94K subscribers
Post #25338 179
🏫Бір ғасырға жуық тарихы бар Үштөбе станциясының вокзалы заманауи келбетке ие болды

Жетісу облысында 1930 жылы салынған Үштөбе станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Нысанды жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілді.

Реконструкция барысында жалпы ауданы 1 335 шаршы метр болатын вокзалдың екі қабатты ғимараты толық жаңартылды. Шатыр, қасбет және ішкі үй-жайларды жаңарту жұмыстары жүргізіліп, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтау жүйелері жаңғыртылды.

Іргелес аумақ пен жолаушылар перроны абаттандырылды.
Ғимараттың қасбеті заманауи сызықтық панельдермен қапталып, жертөле бөлігі гранитпен әрленді. Ішкі үй-жайларда аспалы торлы төбелер орнатылып, едендер керамогранитпен қапталды.

Сондай-ақ жаңа эвакуациялық жолдар жабдықталып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін есіктер орнатылды. Қайта жаңғырту барысында отандық өндірістің құрылыс материалдары пайдаланылды.

Үштөбе станциясындағы вокзал III санатқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 435 адамды құрайды. Станция арқылы Үштөбені Алматы, Астана, Павлодар, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қарағанды және Балқаш қалаларымен, сондай-ақ Ресей қалаларымен байланыстыратын 22 жолаушылар пойызы қатынайды.

Қайта жаңғыртудан кейін вокзал заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Жолаушыларға арналған жағдайлар жақсартылып, пойыздарды күту және оларға қызмет көрсету кезіндегі жайлылық деңгейі артты.
More from @kolikpress
  1. Oct 1, 2026🛣️В Минтрансе обсудили новые подходы к повышению качества местных дорог В Астане продолжа…
  2. Oct 1, 2026photo post
  3. Oct 1, 2026🛣️Көлік министрлігінде жергілікті жолдардың сапасын арттырудың жаңа тәсілдері талқыланды…
  4. Oct 1, 2026🏫Вокзал станции Уштобе с почти вековой историей обрёл современный облик В области Жетысу…
  5. Oct 1, 2026photo post
  6. Oct 1, 2026🏫В Кокшетау после реконструкции открыт железнодорожный вокзал В городе Кокшетау состоялос…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →