TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25256 307
🚊Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында

Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінде ауқымды құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Негізгі күштер жер жұмыстарының аяқталуына, теміржол жолын төсеуге және жасанды құрылыстарды салуға жұмылдырылған.

Бүгінгі таңда жалпы көлемі 13,2 млн текше метр жер жұмыстарының 12,9 млн текше метрі, яғни 98%-ы орындалды. Рельс-шпал торын жинақтау базаларында 142 шақырым рельс-шпал торы жиналды, оның 105,6 шақырымы учаскеге төселді. Бұл жоспарланған көлемнің 61%-ын құрайды.

Жасанды құрылыстардың құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілуде. Бүгінде 129 су өткізу құбырының 124-і, яғни 96%-ы монтаждалды. Сонымен қатар 29 көпірдің құрылысы аяқталды, тағы төрт нысанда жұмыстар жалғасуда. Құрылыс жұмыстарына 977 бірлік техника және 1 815 жұмысшы жұмылдырылған.

Қазан айында негізгі жолдарға жер төсемін және рельс-шпал торын төсеу жұмыстарын аяқтау, сондай-ақ теміржол жолын түйістіру жоспарлануда. Жаңа теміржол желісі бойынша жұмыс қозғалысын осы жылдың соңына дейін ашу көзделген.

Ұзындығы 127,6 шақырым (негізгі жолдар) болатын Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі елдің оңтүстігіндегі маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі болып табылады. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылуда және Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған.

Жобаны іске асыру Қазақстан мен Өзбекстан Республикасы арасында қосымша халықаралық теміржол бағытын құруға, жүктемесі жоғары Сарыағаш – Ташкент учаскесіндегі жүктемені азайтуға, теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруға және Орталық Азия елдері бағытындағы транзиттік тасымалдар мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
More from @kolikpress
  1. Sep 29, 2026🇰🇿🇩🇪Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Фед…
  2. Sep 29, 2026🇰🇿🇩🇪Касым-Жомарт Токаев и Франк-Вальтер Штайнмайер провели переговоры в расширенном со…
  3. Sep 29, 2026🇰🇿🇩🇪Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүрг…
  4. Sep 29, 2026✈️Открывается авиасообщение между Алматы и Лангкави Продолжается работа по расширению межд…
  5. Sep 29, 2026✈️Алматы мен Лангкави арасында әуе қатынасы ашылады Халықаралық маршруттар желісін кеңейту…
  6. Sep 29, 2026🚊Строительство железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал вышло на завершающий этап На жел…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →