TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25264 124

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

🇰🇿🇩🇪Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
 
🔹Мемлекет басшысы Германияға шақырғаны үшін Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтып, жоғары деңгейдегі қарқынды байланыс екіжақты әріптестіктің стратегиялық және жан-жақты сипат алғанын айқындайтынын жеткізді.
 
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі серіктесі екеніне назар аударды. Елдерімізді берік достық пен өзара сенім байланыстырады. Сондай-ақ ынтымақтастықты дамытуға мол әлеует бар.
 
– Бүгінде ауқымды бағытты қамтыған қарым-қатынасымыз сенімді түрде дамып келеді. Оған үкіметтеріміз бен екі ел іскерлік топтарының дәйекті байланысымен беки түскен жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог айтарлықтай ықпал етіп отыр. Сапарымның қарсаңында Берлинде Үкіметаралық жұмыс тобының отырысы мен Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің өтуі қос тараптың өзара тиімді серіктестікті жандандыруға ынталы екенін көрсетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/aqorda_resmi
More from @kolikpress
  1. Sep 29, 2026🇰🇿🇩🇪Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Фед…
  2. Sep 29, 2026🇰🇿🇩🇪Касым-Жомарт Токаев и Франк-Вальтер Штайнмайер провели переговоры в расширенном со…
  3. Sep 29, 2026✈️Открывается авиасообщение между Алматы и Лангкави Продолжается работа по расширению межд…
  4. Sep 29, 2026✈️Алматы мен Лангкави арасында әуе қатынасы ашылады Халықаралық маршруттар желісін кеңейту…
  5. Sep 29, 2026🚊Строительство железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал вышло на завершающий этап На жел…
  6. Sep 29, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →