TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25227 374
🏢Сарыағаш қаласын айналып өтетін жаңа жолдың құрылысы жалғасуда

Сарыағаш қаласын айналып өтетін жалпы ұзындығы 102 шақырым автомобиль жолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба екі лоттан тұрады. Жаңа жол Іа техникалық санатына сәйкес төрт жолақты етіп салынады және жобаны іске асыру 2026–2030 жылдарға жоспарланған.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына 326 бірлік техника және 470 қызметкер жұмылдырылған. Жер төсемін салу бойынша 1,26 млн текше метрден астам жұмыс орындалды, 36 шақырым аумақта құнарлы өсімдік қабаты алынды. Сонымен қатар су өткізу құбырларын орнату, ауыл шаруашылығы техникаларына арналған өткелдерді салу, өндірістік базалар мен вахталық қалашықтарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның бірінші учаскесі 0–55 шақырым аралығын қамтиды. Қазіргі уақытта жобалау жұмыстарының 71% орындалды. Жер төсемін салу бойынша 699,5 мың текше метр жұмыс атқарылды. Бұл аумақта 296 адам және 198 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Учаскеде су өткізу құрылыстарын орнату, ауыл шаруашылығы жолдарын салу, өндірістік база мен уақытша зертхананы орналастыру, вахталық қалашықты дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Екінші учаске 55–102,6 шақырым аралығын қамтиды және ұзындығы 47,6 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары 60%-ға орындалды. Мұнда 174 адам және 138 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Жер төсемін салу, құнарлы өсімдік қабатын алу, карьерлерді дайындау және су өткізу құрылыстарына қажетті материалдарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба аясында 8 көліктік жол айрығын, 22 көпірді, 21 ауыл шаруашылығы техникасының өткелін және 223 су өткізу құбырын салу көзделген. Аталған инфрақұрылымдық нысандар жолдың өткізу қабілетімен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл жоба өңірдегі көлік қатынасын жақсартуға, транзиттік көлік қозғалысын Сарыағаш қаласының сыртқы бағытына шығаруға және жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жолдың іске қосылуы қала ішіндегі көлік ағынын азайтып, халықаралық және өңіраралық бағыттар бойынша қатынастың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
More from @kolikpress
  1. Sep 29, 2026Казахстан представил опыт внедрения биометрических технологий на симпозиуме ICAO TRIP Пред…
  2. Sep 29, 2026photo post
  3. Sep 29, 2026Қазақстан ICAO TRIP симпозиумында биометриялық технологияларды енгізу тәжірибесін ұсынды Қ…
  4. Sep 28, 2026✈️Эксперты FAA завершили работу по оценке безопасности полетов в Казахстане C 21 по 25 сен…
  5. Sep 28, 2026photo post
  6. Sep 28, 2026✈️FAA сарапшылары Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады 2026 жылғы 21–25…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →