TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25246 201
Қазақстан ICAO TRIP симпозиумында биометриялық технологияларды енгізу тәжірибесін ұсынды

Қазақстан Республикасының өкілдері ИКАО-ның жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (TRIP) бойынша XXI симпозиумына қатысты.

Іс-шараға ИКАО Кеңесінің Президенті Тошиюки Онума, 70 ел мен 7 халықаралық ұйым, сондай-ақ авиация индустриясының халықаралық компанияларынан 600-ден астам делегат қатысты.

Еліміздің атынан іс-шараға Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тлегенов және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің рәсімдерді оңайлату, жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету департаментінің директоры – бас авиациялық инспектор Всеволод Ким қатысты.

Қазақстанның делегациясы «Seamless Travel in Practice» («Іс жүзіндегі кедергісіз саяхат») сессиясында спикер ретінде сөз сөйлеп, тұлғаны тану мен жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру технологияларын енгізу тәжірибесіне презентация жасады. Халықаралық авиациялық қоғамдастыққа еліміздің әуежайларында автоматтандырылған шекаралық бақылауды практикалық енгізу нәтижелері, рәсімдерді жеделдету үшін биометриялық технологияларды қолдану, сондай-ақ заманауи цифрлық шешімдерді мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау тәсілдері ұсынылды.
Бұл сессияда Румыния, Сингапур мен Хорватия, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өкілдері өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Талқылау барысында шекаралық бақылаудан кедергісіз өтудің жаңа тұжырымдамалары, байланыссыз технологиялар, жолаушыларды цифрлық сәйкестендіру мен заманауи шешімдерді ұлттық шекараларды басқару жүйелеріне интеграциялауға назар аударылды.

Қауіпсіздік, рәсімдерді оңайлату, дербес деректерді қорғау және жолаушыларға қолайлылық арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз етуге, сондай-ақ енгізіліп жатқан жүйелердің ICAO стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес халықаралық үйлесімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді.

Симпозиум барысында халықаралық авиациялық қоғамдастықтың өкілдері еліміз азаматтық авиациясының даму серпінін және халықаралық стандарттарды енгізу, саланы цифрландыру және жолаушыларға қызмет көрсетудің заманауи технологияларын дамыту бағытындағы жүйелі жұмысын атап өтті.

Қазақстандық мамандардың ИКАО-ның халықаралық алаңдарында спикерлер мен сарапшылар ретінде қатысуы ұлттық тәжірибені ілгерілету, әлемнің жетекші авиациялық және шекаралық ведомстволарымен кәсіби өзара іс-қимылды кеңейту мен еліміздің халықаралық авиациялық қоғамдастықтағы ұстанымдарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
More from @kolikpress
  1. Sep 29, 2026Перевозки зерна в Казахстане выросли на 13% 📌 Вице-министр транспорта Жанибек Тайжанов на…
  2. Sep 29, 2026Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті% 📌Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Үкімет отыры…
  3. Sep 29, 2026Казахстан представил опыт внедрения биометрических технологий на симпозиуме ICAO TRIP Пред…
  4. Sep 29, 2026photo post
  5. Sep 28, 2026✈️Эксперты FAA завершили работу по оценке безопасности полетов в Казахстане C 21 по 25 сен…
  6. Sep 28, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →