TGViewer
ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 ҚР Көлік министрлігі / Министерство транспорта РК🇰🇿 @kolikpress · 4.93K subscribers
Post #25198 366
📍Көлік вице-министрі Бейжіңде өткен Тұрақты көлік жөніндегі жаһандық форумға қатысты

Қазақстан Республикасы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Бейжің қаласында өткен Тұрақты көлік жөніндегі жаһандық форумға қатысты. Іс-шараға үкіметтердің, көлік саласындағы уәкілетті органдардың, халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдері, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері жиналып, халықаралық көлік байланысын дамыту, логистикалық тізбектердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Өз сөзінде Мақсат Қалиақпаров Қазақстан үшін көлік-логистика кешенінің стратегиялық маңызын атап өтіп, еліміздің Қытай, Орталық Азия, Каспий өңірі және Еуропа арасындағы негізгі құрлықтық транзиттік буындардың бірі ретіндегі рөліне тоқталды.

Қазақстан аумағы арқылы 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді. Соңғы 15 жылда елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция салынды.

Баяндаманың негізгі бағыттарының бірі Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту мәселесіне арналды. Соңғы бес жылда ТХКБ арқылы өтетін транзит көлемі 3,5 есеге өсті. 2025 жылы контейнерлік тасымал көлемі 77 мың ДФЭ-ге жетті. 2029 жылға қарай транзиттік контейнерлік тасымал көлемін 300 мың ДФЭ-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

📌Форумның маңызды практикалық нәтижелерінің бірі – Тұрақты көлік саласындағы жаһандық даму және ынтымақтастық бастамасының негіздемелік құжатын қабылдау болды. Құжат тұрақты көлік саласында мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, бизнес, ғылыми және білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-қимыл үшін көпжақты платформа қалыптастырады.

Вице-министр Қазақстанның көлік жүйелерін халықаралық деңгейде одан әрі цифрлық интеграциялауға, инфрақұрылымдық жобаларды өзара байланыстыруға және Азия мен Еуропа арасындағы кедергісіз көлік бағыттарын қалыптастыруға жағдай жасауға мүдделі екенін атап өтті.

Қазақстан халықаралық көлік дәліздерін дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу, инвестициялар мен технологияларды тарту, сондай-ақ Еуразияның көлік-логистикалық жүйесінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында Қытаймен және басқа да серіктес мемлекеттермен ынтымақтастықты жалғастыра береді.
More from @kolikpress
  1. Sep 28, 2026✈️Эксперты FAA завершили работу по оценке безопасности полетов в Казахстане C 21 по 25 сен…
  2. Sep 28, 2026photo post
  3. Sep 28, 2026✈️FAA сарапшылары Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады 2026 жылғы 21–25…
  4. Sep 28, 2026🏢Строительство объездной дороги вокруг города Сарыагаш продолжается Строительство автомоб…
  5. Sep 28, 2026photo post
  6. Sep 28, 2026🏢Сарыағаш қаласын айналып өтетін жаңа жолдың құрылысы жалғасуда Сарыағаш қаласын айналып…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →