KASE-нің кешкі шолуы 🌙
ҚОР НАРЫҒЫ 📊
Бейсенбі күні KASE индексінің мәні 0,75%-ға төмендеп, 7 804,14 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 4 445. Мәмілелердің ең үлкен көлемі де «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларына тиесілі болды – 951,2 млн KZT. Екі эмитенттің акциялары өсім көрсетті: «KEGOC» АҚ (+0,08%) және «Кселл» АҚ (+0,03%).
АҚША НАРЫҒЫ 💰
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 1 б.п.-қа төмендеп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 15,97% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге KZT-ні қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) 5 б.п.-қа өсіп, жылдық 11,40% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 537,166 млрд KZT-ні құрады.
ВАЛЮТА НАРЫҒЫ 💱
Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының KZT-ге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 449,87 KZT-ні құрады. Ұлттық валюта 2,66 KZT-ге әлсіреді. Сауда-саттық көлемі 424,173 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 1 214 мәміле жасалды. Минималды баға – АҚШ доллары үшін 446,61 KZT, максималды – 454,00 KZT, соңғы мәміленің бағасы – 451,06 KZT.
Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайына желтоқсан фьючерстерінің құны бейсенбі күні Алматы уақытымен сағат 18:00-ге дейін 4,65%-ға өсіп, барреліне 104,85 АҚШ долларын құрады.
Post #8148
156