TGViewer
KASE KASE @kaseofficial · 4.09K subscribers
Post #8156 215
IX Conference Capital Markets Kazakhstan конференциясында "KASE клиринг орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Идель Сабитов KASE мерзімді нарығының даму перспективалары туралы айтып берді.

Биржаның мерзімді нарығының негізін жеткізілімсіз валюталық фьючерстер құрайды. Қатысушыларға KASE Индексіне және жекелеген акцияға негізделген фьючерстер де қолжетімді. 2026 жылғы 05 қазанда қаржы құралдарының қатары EUR/KZT және CNY/KZT бағамдарына есеп айырысу фьючерстерімен толықты.

Мерзімді нарықтағы сауда-саттық айналымының негізгі бөлігі USD/KZT бағамына негізделген фьючерске тиесілі. Бұл секторда 38 қатысушыға сауда-саттыққа қатысу мүмкіндігі берілген. Валюталық фьючерстер бойынша баға белгілеуді екі маркет-мейкер – "SQIF Capital" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ қолдайды.

Нарықты дамытудың келесі қадамы брокерлердің өз қолданбалары арқылы осы өнімді клиенттеріне ұсынуымен байланысты.

Брокерлердің қайсысы бұл өнімді бірінші болып клиенттердің кең ауқымына ұсынса, сол әлеуетті клиенттердің басым бөлігін өзіне жұмылдырады

деп атап өтті Идель Сабитов.

Биржа брокерлермен бірлесіп, фьючерстерді клиенттер арасында ілгерілетуге дайын және кәсіби қатысушылардың нарықты дамыту жөніндегі ұсыныстарына ашық.

Спикердің айтуынша, теңгенің АҚШ долларына қатысты спот нарығының өтімділігі өте жоғары. Сондықтан уақыт өте келе осы бағамға негізделген фьючерс те өз клиенттерін табады, ал кейіннен индекске негізделген фьючерске және басқа да құралдарға сұраныс қалыптасады.
More from @kaseofficial
  1. Oct 9, 2026"KASE People. Проходка" айдарын жалғастырамыз. Бүгінгі шығарылымның кейіпкері - Web Design…
  2. Oct 9, 2026На площадке Казахстанской фондовой биржи завершилась Неделя финансовой грамотности, органи…
  3. Oct 9, 2026photo post
  4. Oct 9, 2026Қазақстан қор биржасында Ring the Bell for Financial Literacy 2026 халықаралық бастамасы а…
  5. Oct 9, 2026photo post
  6. Oct 9, 2026Вечерний обзор KASE 🌙 ФОНДОВЫЙ РЫНОК 📊 Значение Индекса KASE в пятницу выросло на 0,10%…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →