TGViewer
KASE KASE @kaseofficial · 4.03K subscribers
Post #7942 241
KASE-нің кешкі шолуы

ҚОР НАРЫҒЫ

Сәрсенбі күні KASE индексінің мәні 0,30%-ға төмендеп, 7 857,19 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 3 258. Мәмілелердің ең үлкен көлемі «Ұлттық атом компаниясы „Қазатомөнеркәсіп“» АҚ акцияларына тиесілі болды – 158,5 млн KZT. Үш эмитенттің акциялары өсім көрсетті: «ҚазТрансОйл» АҚ (+2,33%), «Ұлттық компания „ҚазМұнайГаз“» АҚ (+0,55%) және «Эйр Астана» АҚ (+0,50%).

АҚША НАРЫҒЫ

Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 10 б.п.-қа өсіп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 16,05% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге KZT-ні қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) 1 б.п.-қа өсіп, жылдық 11,36% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 675,080 млрд KZT-ні құрады.

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ

Сәрсенбі күні сағат 17:00-де сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының KZT-ге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 445,49 KZT-ні құрады. Ұлттық валюта 2,17 KZT-ге нығайды. Сауда-саттық көлемі 591,586 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 1 794 мәміле жасалды. Минималды баға – АҚШ доллары үшін 443,95 KZT, максималды – 447,56 KZT, соңғы мәміленің бағасы – 444,00 KZT.

Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайына қараша фьючерстерінің құны сәрсенбі күні Алматы уақытымен сағат 18:00-ге дейін 1,19%-ға өсіп, барреліне 100,44 АҚШ долларын құрады.
More from @kaseofficial
  1. Sep 26, 2026Channel photo updated
  2. Sep 24, 2026Channel photo updated
  3. Sep 24, 2026Вечерний обзор KASE ФОНДОВЫЙ РЫНОК Значение Индекса KASE в четверг снизилось на 0,91% до 7…
  4. Sep 24, 2026KASE-нің кешкі шолуы ҚОР НАРЫҒЫ Бейсенбі күні KASE индексінің мәні 0,91%-ға төмендеп, 7 78…
  5. Sep 24, 2026Женское предпринимательство - один из ресурсов роста экономики. Как рынок капитала и, в ча…
  6. Sep 24, 2026Әйелдер кәсіпкерлігі – экономикалық өсудің маңызды ресурстарының бірі. Капитал нарығы және…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →