TGViewer
KASE KASE @kaseofficial · 4.03K subscribers
Post #7946 157
Әйелдер кәсіпкерлігі – экономикалық өсудің маңызды ресурстарының бірі. Капитал нарығы және атап айтқанда Қазақстан қор биржасы осы әлеуетті ашуға қалай көмектесе алады?

Бұл туралы 23 қыркүйекте Алматыда "БҰҰ-әйелдер" құрылымының қолдауымен өткен Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндігін кеңейту мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі диалогқа қатысушыларға KASE-нің халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму жөніндегі басқарушы директоры Екатерина Андрюшина айтып берді.

Оның айтуынша, қолдау тетіктерінің бірі KASE-нің серіктес ұйымдармен бірлескен бағдарламалары болуы мүмкін. Олардың қатарында облигациялар бойынша мөлшерлемені және шығарылымды дайындауға жұмсалатын шығынды субсидиялау, сондай-ақ қаржылық сауаттылықты арттырудан бастап KASE-де қаржыландыру тартуға дейінгі білім беру және акселерациялық бағдарламалар бар.

Бүгінде KASE-де ESG-облигациялардың 38 шығарылымы тіркелген, орналастырудың жалпы көлемі шамамен 2,9 млрд АҚШ долларын құрайды. 2026 жылдың сегіз айында 900 млн АҚШ долларынан астам сомаға 11 жаңа шығарылым тіркелді.

"Серіктес ұйымдардың қаржыландыруы мен сараптамасын KASE инфрақұрылымымен біріктіре отырып, біз әйелдер басқаратын компаниялардың көбірек санына капитал нарығының құралдарына қол жеткізуге көмектесе аламыз", – деп атап өтті Екатерина Андрюшина.
More from @kaseofficial
  1. Sep 24, 2026Channel photo updated
  2. Sep 24, 2026Вечерний обзор KASE ФОНДОВЫЙ РЫНОК Значение Индекса KASE в четверг снизилось на 0,91% до 7…
  3. Sep 24, 2026KASE-нің кешкі шолуы ҚОР НАРЫҒЫ Бейсенбі күні KASE индексінің мәні 0,91%-ға төмендеп, 7 78…
  4. Sep 24, 2026Женское предпринимательство - один из ресурсов роста экономики. Как рынок капитала и, в ча…
  5. Sep 24, 2026Баршаңызға сәлем! 👋 "KASE People. Проходка" айдарын жалғастырамыз. Бүгінгі шығарылымның к…
  6. Sep 24, 2026Утренний обзор KASE Фондовый рынок Американские фондовые индексы завершили торги в среду с…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →