KASE-нің кешкі шолуы
ҚОР НАРЫҒЫ
Бейсенбі күні KASE индексінің мәні 0,91%-ға төмендеп, 7 785,83 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 4 294. Мәмілелердің ең үлкен көлемі де «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларына тиесілі болды – 194,6 млн KZT. Индекстік акциялардың ешқайсысы өсім көрсетпеді.
АҚША НАРЫҒЫ
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 8 б.п.-қа өсіп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 16,13% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге KZT-ні қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) өзгеріссіз қалып, жылдық 11,36% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 753,684 млрд KZT-ні құрады.
ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
Бейсенбі күні сағат 17:00-де сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының KZT-ге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 441,86 KZT-ні құрады. Ұлттық валюта 3,63 KZT-ге нығайды. Сауда-саттық көлемі 635,203 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 1 872 мәміле жасалды. Минималды баға – АҚШ доллары үшін 441,03 KZT, максималды – 444,43 KZT, соңғы мәміленің бағасы – 442,10 KZT.
Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайына қараша фьючерстерінің құны бейсенбі күні Алматы уақытымен сағат 18:00-ге дейін 2,13%-ға өсіп, барреліне 105,21 АҚШ долларын құрады.
Post #7950
191