TGViewer
JAQ.OrtCom.kz JAQ.OrtCom.kz @jaqortcomkz · 1.71K subscribers
Post #303 789
​​⚡️ Алматыдағы өртке қатысты манипуляциялар

Желіде жекелеген пайдаланушылардың 21 қыркүйекте Алматы қаласындағы Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығында болған өртке қатысты манипуляциялық хабарламалар таратып, қоғам назарын аудару әрекеттері тіркелуде.

Еске салсақ, сол күні Алматы қаласының ТЖД өрттің екі қабатты әкімшілік ғимараттың екінші қабатында шыққанын хабарлаған болатын. Шамамен 20 шаршы метр аумақта тұрмыстық техника мен заттар жанған. Өрт 45 минут ішінде толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі де оқиға салдарынан мамандандырылған зертханалардың зақымданбағанын мәлімдеді. Зертханалық жұмыстар жүргізілетін үй-жайларға от тимеген, олардың герметикалық тиянақтылығы бұзылмаған. Жұқпалы аурулардың таралу қаупі мен халыққа төніп тұрған қатер жоқ.

Сонымен қатар, соңғы күндері кейбір әлеуметтік желі аккаунттары осы орын алған өрт оқиғасын Ресейде оба ауруы тіркелді деген қауесетпен байланыстыруға тырысуда. Айта кету керек, бұл ақпаратты бұған дейін Ресей билігі ресми түрде теріске шығарған еді. Бұл ретте Ұлттық ғылыми орталықта аса қауіпті инфекциялар бойынша мамандандырылған зертханалардың болуы фактісінің өзі екі оқиғаның арасында жалған байланыс орнату және жағдайға қатысты қосымша алаңдаушылық туғызатын контекст қалыптастыру үшін пайдаланылуда.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды манипуляцияларға сенбеуге және таратылған ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.
  • 👍 22
  • 🔥 5
  • 👏 2
  • ❤ 1
More from @jaqortcomkz
  1. Oct 5, 2026​​⚡️ Манипуляции вокруг пожара в Алматы В сети фиксируются попытки отдельных пользователей…
  2. Oct 2, 2026Центром по борьбе с дезинформацией Службы центральных коммуникаций подготовлен Обзор опров…
  3. Oct 2, 2026Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 2026 жылдың қы…
  4. Sep 29, 2026Часть 2 Четвертый этап - вовлечение пользователей. После формирования информационного фона…
  5. Sep 29, 2026Искусственный резонанс. Технология информационной раскачки Часть 1 Анализ резонансных собы…
  6. Sep 29, 20262-бөлім Төртінші кезең - пайдаланушыларды тарту. Ақпараттық фон қалыптасқаннан кейін анони…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →