Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 125 жылдығын, сондай-ақ Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің құрылғанына 90 жыл толуын мерекелеу аясында Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының «Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедрасы теориялық және жалпы электротехника пәндері бойынша олимпиаданың ІІ-туры өтті.
Бірінші турдың жеңімпаздары олимпиаданың екінші турына қатысты. Олимпиаданың екінші тур тапсырмасы ұсынылған зерттеу тақырыптары бойынша стенд диаграммаларын құру үшін күрделілігі жоғары тапсырмаларды қамтыды. Әрбір олимпиадалық тапсырма өз күрделілігіне қарай бағаланды.
Екінші финалдық тур аяқталғаннан кейін олимпиаданың ресми жабылу және қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті. Турдың соңында І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған қатысушылар дипломдармен, естелік сыйлықтармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды: бірінші орынға - 100 000 теңге, екінші орынға - 70 000 теңге, үшінші орынға - 50 000 теңге ақшалай сыйлық бар. Жүлделі орын алмаған қатысушылар естелік сыйлықтар түріндегі жұбаныш сыйлығымен марапатталды.
Олимпиада жүлдегерлерінің тізімі:
1 орын - Жолдасова Слушаш Русланқызы
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
2 Орын - Решетников Андрей Андреевич
Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
2 орын - Азатов Асхат Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
3 орын- Есенгелдина Ақерке Асхатқызы
Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
3 орын - Ахмедов Даулет
Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті
3 орын- Акишев Ильяс
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
источник: https://t.me/Satbayev_University_Official
Post #1544
1.13K