⚜️Жоғары математика және жасанды интеллект: теориядан тәжірибеге
Жасанды интеллект - тек заманауи технология ғана емес, оның негізінде математикалық модельдер, алгоритмдер мен күрделі есептеулер жатыр. Сондықтан математиканы терең меңгеру жаңа технологияларды түсінудің және тың шешімдер жасауға бастайтын маңызды қадам.
Осы бағытта Сәтбаев университетінде «Математика және компьютерлік» кафедрасының ұйымдастыруымен AI-SANA жобасы аясында «Жоғары математика элементтерін жасанды интеллекте қолдану» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында жоғары математика мен жасанды интеллектің өзара байланысы, математикалық әдістердің заманауи технологиялардағы маңызы және оларды тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.
Қатысушылар жасанды интеллект жүйелерінің негізінде жатқан математикалық тәсілдермен танысып, теориялық білімдерін жаңа технологиялармен ұштастырудың жолдарын зерделеді.
Бүгінде математика - формулалар мен есептер жиынтығы ғана емес. Ол деректерді талдау, заңдылықтарды анықтау, күрделі мәселелерді шешу және болашақ технологияларды дамыту құралы.
Білім алушылар мен жас зерттеушілер үшін мұндай семинарлар - жаңа білім алуға ғана емес, өз идеяларын технологиямен ұштастырып, ғылым мен инновацияның дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
AI-SANA - білім, ғылым және жасанды интеллект тоғысатын, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге жол ашатын орта.
Болашақ технологияны түсіну - бүгінгі білімнен басталады!
#SatbayevUniversity #AISANA #Жасандыинтеллект #Математика #Ғылым #Білім #Жастар #Инновация
Post #2048
205