TGViewer
Channel Public Channel
Satbayev University

Satbayev University

@satbayev_university_official

Официальный аккаунт Satbayev University
Subscribers
5.88K
Photos
34.2K
Videos
1.1K
Links
1.4K
Recent Posts 12 shown
Post #39986 155
⚜️Сәтбаев университетінде өте ерекше, әрі жүрекке жылы дәстүрлі мереке - Жас жұбайлар күні аталып өтті. Бұл мереке махаббатқа, өзара сыйластық пен отбасылық құндылықтарды сақтауға арналған.

Осыдан 56 жыл бұрын болған үйлену тойында "Дос-Мұқасан" ансамблі өзінің әйгілі "Той жыры" әнін алғаш рет орындаған болатын. Содан бері бұл ән мыңдаған тойларда шырқалып, талай-талай шаңырақтың құрылуына куә болды, сөйтіп адал махаббаттың, отбасылық бақыттың символына айналды.

Ал бұл айтулы дата тегіннен-тегін таңдап алынған жоқ - 1970 жылғы 10 қазан күні Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Сәтбаев университеті) жатақханасында аңызға айналған әйгілі "Той жыры" әні өмірге келді. Содан бері бұл ән қазақ музыка мәдениетінің нағыз жауһарына айналып, жас жұбайлардың атақты гимні атанды.

"Дос-Мұқасан" ансамблі мүшелерінің естеліктері бойынша, дәл сол күні Мұрат Құсайыновтың үйлену тойына екі сағат қана қалғанда, оның достары Досым Сүлеев пен Ұлықпан Сыдықов #1 студенттік жатақханада (қазіргі "Дос-Мұқасан" ұясы) осы әнді шығарған болатын. Сол тойда бұл ән жас жұбайларға арналып алғаш рет гитарамен орындалды. Содан бері мыңдаған үйлену тойларында шырқалып, махаббаттың құдірет күшіне, отбасылық бақыттың куәсіне айналды.
Post #39985 205
⚜️В Satbayev University празднуют необычный и трогательный праздник  День молодоженов, посвященный любви, взаимопониманию и сохранению семейных традиций.

56 лет назад на свадебном торжестве Дос-Мукасан впервые исполнили ее под гитару  и с этого момента «Той жыры» зазвучала в тысячах домов, став символом любви, верности и семейного счастья.

Дата выбрана не случайно: ровно 56 лет назад, 10 октября 1970 года, в общежитии Казахского политехнического института (ныне Satbayev University) родилась легендарная песня «Той жыры»  настоящая жемчужина казахстанской музыкальной культуры, ставшая гимном всех молодоженов страны.

По воспоминаниям участников ансамбля «Дос-Мукасан», в тот день, за два часа до свадьбы Мурата Кусаинова, его друзья  Досым Сулеев и Улыкпан Сыдыков  сочинили песню прямо в стенах студенческого общежития №1 (ныне «Дос-Мукасан ұясы»). На свадебном торжестве они впервые исполнили ее под гитару  и с этого момента «Той жыры» зазвучала в тысячах домов, став символом любви, верности и семейного счастья.

#satbayevuniversity #сәтбаевуниверситеті #политех #алматы #жасжубайлар@Satbayev_University_Official
  • ❤ 3
Post #39982 429
⚜️Сәтбаев университетінде «Заң мен тәртіп» бастамасы аясында ауқымды флешмоб өтті. Ол есірткі қолданудың алдын алуға және жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталды.
Акцияға университеттің 3000-ға жуық студентіқатысты. Іс-шараның басты ұраны – «Есірткіге жолжоқ». Қатысушылар осындай жазуы бар тудыжайып, есірткінің таралуы мен қолданылуынаөздерінің ортақ қарсылықтарын білдіріп, салауаттыөмір салтын ұстану мен жеке жауапкершілік асамаңызды екендігін атап өтті.
Флешмоб Алматы қаласы Полиция департаментініңесірткі қылмыстарына қарсы іс-қимылбасқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Студенттер алдында Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Сұлушаш Досболова сөз сөйледі. Олжастар арасында нашақорлықтың алдын алужұмыстарын жүргізудің маңыздылығы жәнесаналы түрде дұрыс таңдау жасау қажет екендігітуралы айтып өтті.
 
 
 
Post #39980 399
⚜️Сәтбаев университетінде Германияның Халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) және Австрияның Әлеуметтік инновациялар орталығы өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Қатысушылар инновациялық энергетика және тұрақты даму салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Университет атынан кездесуге ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Мадина Барменшинова қатысып, энергетика және электромобильдер саласындағы жобалар, ғылыми-білім беру әлеуеті мен халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы баяндады.

GIZ ұйымының EURECA жобасының жетекшісі Свен Эрнедаль энергетика саласындағы халықаралық бағдарламаларға тоқталып, Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту және жоғары білікті кадрлар даярлау маңызды басымдықтар екенін атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – тәжірибе алмасумен ғана шектелмей, энергетика секторының өзекті міндеттерін бірлесіп шешуге мүмкіндік беретін тұрақты кәсіби байланыстар қалыптастыру», – деді Свен Эрнедаль.

Кездесу қорытындысында тараптар бірлескен бастамаларды дамытуға, зерттеулер жүргізуге, халықаралық жобаларға қатысуға, сарапшылармен тәжірибе алмасуға және жобаларды басқару құзыреттерін жетілдіруге қызығушылық білдірді.
Post #39978 364
#Education #Oбразование #Білім #Наука #ITSCIENCE #Aisana #Ғылым
Post #39972 437
#Education #Oбразование #Білім #Наука #ITSCIENCE #Aisana #Ғылым
Older posts →

About this channel

How can I read @satbayev_university_official without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for Satbayev University: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does Satbayev University have?
Satbayev University (@satbayev_university_official) has 5.88K subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does Satbayev University know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →