🇰🇿 Group Help-тің жеңілдетілген нұсқасы
Group Help-тің жеңілдетілген нұсқасы серверде ақаулар туындағанда немесе жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілген кезде толық нұсқаның орнына іске қосылады.
Негізгі бақылау және қорғаныс функцияларының басым бөлігі бұрынғыдай толық жұмыс істей береді.
Жеңілдетілген нұсқа іске қосылған кезде келесі командалар мен функциялар уақытша қолжетімсіз болады:
• Ботпен жеке чаттағы кез келген әрекет;
• Баптауларды өзгерту;
• Модератор, Жоюшы және Еркін рөлдері қарапайым пайдаланушылармен бірдей құқықтарға ие болады;
• Рөлдерді басқару командалары (/mod, /cleaner және т.б.);
• Ақпарат және ескерту командалары;
• Арнайы пәрмендер;
• Жоспарланған жою, өздігінен жою, толық жою және /delall командалары;
• Бот арқылы көрсетілетін ресми қолдау қызметі (оның орнына ресми топтарды пайдаланыңыз);
• Егер автоматты жаза Warn (ескерту) болып орнатылса, оның орнына 10 минутқа Mute (үнсіз режим) қолданылады;
• Егер автоматты жаза Ban (бұғаттау) болып орнатылса, оның орнына 60 минутқа Mute (үнсіз режим) қолданылады.
Post #32
604