TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15521 682
Көлік прокуратурасы жол жұмыстарын қабылдау саласындағы заңсыз ережелердің алып тасталуына қол жеткізді
 
Қадағалау органымен жол жұмыстарын жүргізу, олардың сапасын бақылау және автомобиль жолдары объектілерін пайдалануға қабылдау тәртібін реттейтін нормативтік және техникалық актілерді зерделеді.
 
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы қолданатын Әдістеменің жекелеген ережелері іс жүзінде жойылмаған ауытқулары бар жол жұмыстарын қабылдауға мүмкіндік бергені анықталды.
 
Жекелеген ақаулар анықталған кезде жол жабынының нормативтік сипаттамаларын қалпына келтірместен жұмыстарды қабылдауға жол берілген. Кемшіліктерді нақты жоюдың орнына ақшалай қаражатты ұстап қалу, орындалған жұмыстардың құнын төмендету немесе кепілдік мерзімін ұзарту көзделген.
 
Бұл ретте мердігерге «қаржылық санкциялар» қолдану техникалық бұзушылықтарды жоймайды және автомобиль жолының талап етілетін сипаттамаларын қалпына келтірмейді.
 
Сонымен қатар Әдістеме сәйкессіздіктер анықталғаннан кейін жекелеген жобалық шешімдерді қайта қарауға мүмкіндік берген. Алайда бекітілген жобалық құжаттамаға өзгерістер енгізу тек заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс.
 
Бас көлік прокуратурасының наразылығы негізінде Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің бұйрығы одан жойылмаған ақаулары бар жұмыстарды қабылдауға жол беретін нормаларды алып тастау арқылы заңнамаға сәйкестендірілді.
 
Жол саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау жалғасуда.
 
Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1307088?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Oct 8, 2026Более 2,3 тыс. гектаров земель компании с иностранным участием возвращены государству в об…
  2. Oct 8, 2026Жетісу облысында шетелдік қатысуы бар компанияның 2,3 мың гектардан астам жері мемлекетке…
  3. Oct 8, 2026О проведенных проверках в колледжах города Аркалыка Прокуратурой города Аркалыка проведены…
  4. Oct 8, 2026Арқалық қаласындағы колледждерде жүргізілген тексерулер туралы Арқалық қаласының прокурату…
  5. Oct 8, 2026Более 250 млн теңге алиментов взыскано в пользу свыше 600 детей Прокуратурой Западно-Казах…
  6. Oct 8, 2026600-ден астам баланың пайдасына 250 млн теңгеден астам алимент өндірілді Батыс Қазақстан о…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →