Жетісу облысында шетелдік қатысуы бар компанияның 2,3 мың гектардан астам жері мемлекетке қайтарылды
Жетісу облысында сот жалпы құны шамамен 50 млн теңгені құрайтын, шетелдік қатысуы бар жеке компанияның заңсыз иелігінде болған 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдады.
Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында аталған жер учаскелері иелігінде болған заңды тұлғаның құрылтайшылары Иранның үш азаматы екені анықталды. Жер учаскелері Ескелді ауданында орналасқан және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын бұза отырып берілген.
Мемлекет мүддесін қорғау мақсатында Ескелді ауданының прокуратурасы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот талап арызды қанағаттандырып, 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жалпы, прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде облыста мемлекетке жалпы құны 1,7 млрд теңгеден астам болатын 41,1 мың гектардан астам жер қайтарылды.
Жетісу облысының прокуратурасы жер қатынастары саласында заңдылықты қамтамасыз ету және мемлекет мүддесін қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1307489?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Post #15529
456