TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15531 479
Испаниядағы футбол турниріне сапар сот үкімімен аяқталды
 
Астанада балаларды халықаралық футбол турниріне апаруды сылтау етіп жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотталған адам ата-аналарды жас футболшылардың Испанияға «барлығы қамтылған» тарифі бойынша сапары ұйымдастырылатынына сендірген. Турнирге қатысу ақысын, әуе билеттерін, визалық қызметтерді, балаларды алып жүру және спорттық киім сатып алу шығындарын төлеу деген түрлі сылтаулармен жәбірленушілерден ақшалай қаражат алған. Алайда іс жүзінде өзіне алған міндеттемелерін орындамай, алынған ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланған.

9 жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 24 млн теңгеден асты.

Сот үкімімен қаскөйге 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Келтірілген залал сотталған адамнан өндіріп алынды.

Қала прокуратурасы ескертеді: балалардың шетелдегі спорттық жарыстарға сапарын ұйымдастыру кезінде ұйымдастырушылардың өкілеттіктерін, турнирге ресми шақырудың, тиісті шарттардың, әуе билеттерінің және брондауды растайтын құжаттардың бар-жоғын мұқият тексеру қажет. Тек ауызша уәделерге сеніп, ірі көлемдегі ақшалай қаражатты бермеңіз.
 
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1307573?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Oct 8, 2026Мерами прокуратуры Целиноградского района пенсионерам выплачены компенсационные выплаты на…
  2. Oct 8, 2026Целиноград ауданының прокуратурасының шараларымен зейнеткерге 11 млн теңге көлемінде өтема…
  3. Oct 8, 2026Поездка на футбольный турнир в Испанию обернулась приговором В Астане рассмотрено уголовно…
  4. Oct 8, 2026Более 2,3 тыс. гектаров земель компании с иностранным участием возвращены государству в об…
  5. Oct 8, 2026Жетісу облысында шетелдік қатысуы бар компанияның 2,3 мың гектардан астам жері мемлекетке…
  6. Oct 8, 2026О проведенных проверках в колледжах города Аркалыка Прокуратурой города Аркалыка проведены…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →