TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15525 458
600-ден астам баланың пайдасына 250 млн теңгеден астам алимент өндірілді
 
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Әділет департаментімен және Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп алимент өндіру бағытындағы жұмысты жалғастыруда.
 
2026 жылдың өткен кезеңінде алимент төлеуден жалтарған 13 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
 
Мәселен, «А» азаматы 2024 жылдан бері баласын асырауға алимент төлемеген. Алайда осы уақыт аралығында ол бәс тігуге шамамен 4 млн теңге жұмсаған.
 
Осыған байланысты борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы (алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындаудан жалтару) бойынша қылмыстық іс тіркелді.
 
Қылмыстық іс тергеу барысында борышкер 2,6 млн теңге көлеміндегі алимент берешегін толық өтеді.
 
Жалпы, биыл прокурорлардың қабылдаған шараларының нәтижесінде 600-ден астам баланың мүддесіне 250 млн теңгеден астам алимент өндірілді.
 
Сонымен қатар, сот орындаушылары тарапынан жіберілетін заң бұзушылықтарға жедел ден қою мақсатында биылғы тамыз айынан бастап облыста Call-орталық жұмыс жасайды. Телефоны: 8 708 024 89 30.
 
Облыс прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп алименттерін уақтылы төленуін қамтамасыз ету, борышкерлердің жауаптылығының бұлтартпастығын қамтамасыз ету және әрбір баланың заңды құқықтарын қалпына келтіру жұмысын жалғастырады.
 
Аталған жұмыс «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуда.
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1307231?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Oct 8, 2026О проведенных проверках в колледжах города Аркалыка Прокуратурой города Аркалыка проведены…
  2. Oct 8, 2026Арқалық қаласындағы колледждерде жүргізілген тексерулер туралы Арқалық қаласының прокурату…
  3. Oct 8, 2026Более 250 млн теңге алиментов взыскано в пользу свыше 600 детей Прокуратурой Западно-Казах…
  4. Oct 8, 2026Оправдание по эпизоду незаконного ввоза вейпов отменено На автомобильном пункте пропуска в…
  5. Oct 8, 2026Вейптерді заңсыз әкелу эпизоды бойынша ақтау үкімінің күші жойылды Қостанай облысындағы ав…
  6. Oct 8, 2026Транспортная прокуратура добилась исключения незаконных положений в сфере приемки дорожных…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →