TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.5K subscribers
Post #15303 317
Абай облысында прокурорлар 4 мыңнан астам азаматтың дербес деректерінің заңсыз таратылуына жол бермеді
 
Семей қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарында дербес деректер туралы заңнама талаптарының сақталуына қатысты заң бұзушылықтарды анықтады.
 
Анықталғандай, 31 мектептің ресми сайттарында қызметкерлер мен білім алушылардың дербес деректері қамтылған құжаттар ашық қолжетімділікте орналастырылған.
 
Атап айтқанда, 3 752 қызметкердің аты-жөні, ЖСН-і, туған күндері, тұрғылықты мекенжайлары және байланыс телефондары, сондай-ақ 344 кәмелетке толмаған бала туралы мәліметтер жарияланған.
 
Мұндай мәліметтерді орналастыру жеке өмірге қол сұғылмаушылықтың бұзылуына және олардың заңсыз пайдаланылуына қауіп төндірген.
 
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз орналастырылған мәліметтер ашық қолжетімділіктен алынып тасталды, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды.
 
Прокуратура дербес деректер туралы заңнама талаптарын және оларды қорғау нормаларын, әсіресе ақпаратты Интернет желісінде орналастыру кезінде қатаң сақтаудың қажеттігін еске салады.
 
#Әділдік
#Заңүстемдігі            
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1299175?lang=kk
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 26, 2026В области Абай прокуроры пресекли незаконное распространение персональных данных более 4 т…
  2. Sep 26, 2026В Алматы обсудили вопросы реализации проекта «Таза Қазақстан» Под председательством прокур…
  3. Sep 26, 2026Алматыда «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды Алматы қаласының прок…
  4. Sep 26, 2026Мусорный полигон в Алатау возвращен в коммунальную собственность По представлению прокурат…
  5. Sep 26, 2026Алатаудағы қоқыс полигоны коммуналдық меншікке қайтарылды Алатау қаласы прокуратурасының ұ…
  6. Sep 26, 2026Юная актриса сериала «Тоғыз тағдыр» поделилась впечатлениями от съёмок. Для неё этот проек…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →