TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.5K subscribers
Post #15301 457
Алматыда «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
 
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің төрағалығымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын жүзегеасыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
 
Отырысқа әкімдіктің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, аудан прокуратураларының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
 
Қатысушылар қаланың абаттандыру және санитарлық жағдайы, атмосфералық ауаның ластануы, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігі және экология саласындағы цифрлық шешімдерді қолдану мәселелерін талқылады.
 
Прокуратура мемлекеттік сатып алу кезінде бұзушылықтарды анықтап, оларды жою және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жолбермеу жөнінде шаралар қабылдауда. Бюджет қаражатын ұрлаудың жекелеген фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
 
Лауазымды тұлғалардың аумақтың санитарлық жағдайына, заңсыз қоқыс тастайтын жерлерді жоюға және автокөлік шығарындыларына автоматтандырылған бақылауды енгізуге қатысты жауаптылығына ерекше назар аударылды.
 
Үйлестіру кеңесінің қорытындысына сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою және «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде нақты шаралар айқындалды.
 
Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1299224?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 26, 2026В области Абай прокуроры пресекли незаконное распространение персональных данных более 4 т…
  2. Sep 26, 2026Абай облысында прокурорлар 4 мыңнан астам азаматтың дербес деректерінің заңсыз таратылуына…
  3. Sep 26, 2026В Алматы обсудили вопросы реализации проекта «Таза Қазақстан» Под председательством прокур…
  4. Sep 26, 2026Мусорный полигон в Алатау возвращен в коммунальную собственность По представлению прокурат…
  5. Sep 26, 2026Алатаудағы қоқыс полигоны коммуналдық меншікке қайтарылды Алатау қаласы прокуратурасының ұ…
  6. Sep 26, 2026Юная актриса сериала «Тоғыз тағдыр» поделилась впечатлениями от съёмок. Для неё этот проек…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →