TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15276 1.22K
Жәбірленушілердің мемлекеттік өтемақы алуы
 
Қазақстан Республикасында неғұрлым ауыр құқық бұзушылықтардан зардап шеккен азаматтарға бастапқы мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) қолданылады.

Бұл төлем мемлекет тарапынан көрсетілетін материалдық көмек болып табылады және кінәлі адамның анықталғанына, оның жауаптылыққа тартылғанына және залалды өтегеніне қарамастан төленеді.

Заңнамада ақшалай қаражатты алуға құқығы бар азаматтардың санаттары: жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған кәмелетке толмағандар, адам саудасының және азаптаудың құрбандары; кылмыс нәтижесінде денсаулығына ауыр зиян келтірілген немесе АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдар; сондай-ақ жәбірленуші қайтыс болған жағдайда оның заңды өкілдері (жақын туыстары) (баптардың тізбесі Заңда көрсетілген).

Төлем біржолғы болып табылады, ал оның мөлшері айлық есептік көрсеткіш (АЕК) негізінде есептеледі және қылмыс санатына байланысты 30 АЕК-дан 50 АЕК-ға дейінгі мөлшерді құрайды.

Жәбірленуші адам оны жәбірленуші деп таныған күннен бастап үш жыл ішінде өтініш бере алады.

Қылмыстық қудалау органы адамды жәбірленуші деп тану туралы қаулы шығарған кезде оған Қордан өтемақы алу құқығын және өтініш білдіру тәртібін жазбаша түрде түсіндіруге міндетті.

Банктік шот көрсетілген өтінішті істі жүргізуші тергеушіге (анықтаушыға) беруге болады. Қазынашылық процестік құжаттар пакеті қалыптастырылғаннан кейін төлемді қолма-қол ақшасыз тәртіпте жүзеге асырады.

Бұл қаржылық көмекті алу азаматты сот тәртібімен кінәлі адамнан материалдық және моральдық зиянды толық өтеуді талап ету құқығынан айырмайды.

Толығырақ түсініктеме алу үшін азаматтар қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жердегі құқық қорғау органдарына хабарласа алады.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 28, 2026В ВКО с начала года уничтожено 590 объектов наркорекламы Прокуратурой Восточно-Казахстанск…
  2. Sep 28, 2026ШҚО-да жыл басынан бері 590 есірткі жарнамасы жойылды Шығыс Қазақстан облысының прокуратур…
  3. Sep 28, 2026Прокуратура Западно-Казахстанской области обеспечила безопасность более 15 тысяч детей В р…
  4. Sep 28, 2026Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 15 мыңнан астам баланың қауіпсіздігін қамтамасыз е…
  5. Sep 28, 2026В Павлодаре восстановлены права детей с особыми образовательными потребностями Прокуратуро…
  6. Sep 28, 2026Павлодар қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтары қалпына келті…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →