TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15332 730
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 15 мыңнан астам баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етті
 
«Заң мен тәртіп» идеологемасын және «Қауіпсіз өңір» жобасын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жалпы білім беретін ұйымдарға іргелес аумақтардың жарықтандырылу жағдайына мониторинг жүргізді.
 
Аталған жұмысты жүргізуге, оның ішінде, мектептер маңындағы жекелеген учаскелерді қосымша жарықтандыру қажеттілігі туралы тұрғындардың өтініштері негіз болды.
 
Мониторинг нәтижесінде жарықтандырылмаған немесе жарықтандыру деңгейі жеткіліксіз учаскелер анықталды. Бұл жағдай қараңғы уақытта балалардың қауіпсіздігіне қосымша қауіп төндірген.
 
Қаладағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлердің қолдауымен 17 мектептің маңындағы жарықтандырылмаған учаскелер толықтай жарықтандырылды.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде оқушылардың білім беру ұйымдарына бару және үйлеріне қайту кезінде қауіпсіз жүріп-тұру жағдайлары жақсарды. Осылайша, 15 мыңнан астам кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілді.

Балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бағытындағы прокуратура жұмысы жалғасуда және тұрақты бақылауда.
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1300154?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 29, 2026Қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік, коммуналдық және өзге де жобалардың іске асырылу…
  2. Sep 29, 2026Прокуратурой города Степногорск выявлены нарушения в сфере жилищного законодательства Прок…
  3. Sep 29, 2026Степногорск қаласының прокуратурасы тұрғын үй заңнамасы саласында заңбұзушылықтарды анықта…
  4. Sep 29, 2026Столичные прокуроры взыскали свыше 2 млрд теңге с алиментщиков Прокуратура города Астаны в…
  5. Sep 29, 2026Елорда прокурорлары алимент төлеушілерден 2 млрд теңгеден астам қаржы өндіріп алды Астана…
  6. Sep 28, 2026В ВКО с начала года уничтожено 590 объектов наркорекламы Прокуратурой Восточно-Казахстанск…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →