TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15330 677
Павлодар қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтары қалпына келтірілді
 
Павлодар қаласының прокуратурасы инклюзивті білім беру тетігін іске асыру барысында жүйелі кемшіліктерді анықтады. Көптеген мектептерде қажетті базалық инфрақұрылымның болмауы бейінді мамандарды тартуға кедергі келтіріп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 800 баланың сапалы білім алуға қолжетімділігін шектеген.
 
Қабылданған шаралар нәтижесінде бюджеттік қаражат бөлініп, 10 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері толық жабдықталып ашылды. Олар 325 оқушыны қамтиды.
 
Бұдан бөлек, 2027 жылға қаланың тағы 13 жалпы білім беретін мектебінде тиісті кабинеттерді ашуға бюджеттік қаражат көзделген.

Құрылған кабинеттер балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, олардың оқуына қажетті жағдай жасауға, сондай-ақ табысты әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.
 
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1300141?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 28, 2026В ВКО с начала года уничтожено 590 объектов наркорекламы Прокуратурой Восточно-Казахстанск…
  2. Sep 28, 2026ШҚО-да жыл басынан бері 590 есірткі жарнамасы жойылды Шығыс Қазақстан облысының прокуратур…
  3. Sep 28, 2026Прокуратура Западно-Казахстанской области обеспечила безопасность более 15 тысяч детей В р…
  4. Sep 28, 2026Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 15 мыңнан астам баланың қауіпсіздігін қамтамасыз е…
  5. Sep 28, 2026В Павлодаре восстановлены права детей с особыми образовательными потребностями Прокуратуро…
  6. Sep 28, 2026Прокуратура Акмолинской области не допустила остановки инвестпроекта на 6,9 млрд теңге Про…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →