Алматы прокуратурасы кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғады
Алматы қаласының прокуратурасы «Алматы Су» ШЖҚ МКК-нің өндірістік ағын суларды бақылауды жүзеге асыру кезінде заңнаманы сақтау мәселелеріне қатысты қызметіне талдау жүргізді.
Заңнама талаптарын бұза отырып, өндірістік ағын сулардың сынамаларын іріктеп алу жөнінде барлығы 184 акті рәсімделді, оның ішінде 211 5 инвесторға қатысты зертханалық сынақ хаттамасы жасалған.
Кәсіпкерлерге сынама алу туралы тиісті түрде хабарланбағаны, олардың өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етілмегені, ал жекелеген актілер белгіленген талаптарды бұза отырып рәсімделгені анықталды.
Қадағалау актісі бойынша сынамаларды іріктеудің барлық 184 актісі және олардың негізінде жасалған зертханалық сынақтардың 211 хаттамасының күші жойылды.
Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторлардың құқықтары қалпына келтірілді.
Жол берілген бұзушылықтар үшін 3 лауазымды тұлғa заңда көзделген жауаптылыққа тартылды.
Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Post #15272
1.07K