TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15270 833
Қоғамдық жұмыстар – қоғам пайдасына жаза
 
Қоғамдық жұмыстар – сотталған адамды қоғамнан оқшауламай, заң алдында жауапкершілікке тартуға бағытталған қылмыстық жазаның бір түрі.

Астана қаласында сотталғандар қоғамдық маңызы бар жұмыстарға тартылады.

Прокуратураның негізгі міндеті – сот үкімдерінің заң талаптарына сай орындалуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта сотталғандардың жұмысқа нақты шығуы, жұмыс уақытының дұрыс есептелуі және жазаның формалды орындалуына жол берілмеуіне бақылау жүргізіледі.

Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстар бойынша 701 адам пробация қызметінің есебінде болған. Оның 502-сі жазасын өтеп, есептен шығарылған, қазіргі уақытта 199 адам қоғамдық жұмыстарды орындауда.

Қоғамдық жұмыстар – бұл тек жаза емес, сонымен қатар сотталған адамның қоғамға пайдалы еңбек арқылы жауапкершілігін сезінуіне мүмкіндік беретін шара.

Елорда прокуратурасы өз кезегінде сот үкімдерінің бұлтартпай орындалуына тұрақты түрде қадағалау жүргізеді.
 
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1297819?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 28, 2026В ВКО с начала года уничтожено 590 объектов наркорекламы Прокуратурой Восточно-Казахстанск…
  2. Sep 28, 2026ШҚО-да жыл басынан бері 590 есірткі жарнамасы жойылды Шығыс Қазақстан облысының прокуратур…
  3. Sep 28, 2026Прокуратура Западно-Казахстанской области обеспечила безопасность более 15 тысяч детей В р…
  4. Sep 28, 2026Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 15 мыңнан астам баланың қауіпсіздігін қамтамасыз е…
  5. Sep 28, 2026В Павлодаре восстановлены права детей с особыми образовательными потребностями Прокуратуро…
  6. Sep 28, 2026Павлодар қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтары қалпына келті…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →