Жолаушыларға портативті зарядтау құрылғыларын тасымалдау жөніндегі маңызды ақпарат
FlyArystan әуекомпаниясы жолаушыларға портативті зарядтау құрылғысын (power bank) тек қол жүгінде тасымалдауға болатындығын ескертеді. Құрылғы аккумуляторының қуаты 160 Вт·сағаттан аспауы тиіс. Литий-металл немесе литий-ионды батареялары бар құрылғыларды тасымалдау ережелері туралы қосымша ақпаратты әуекомпания сайтындағы «Жолжүк» бөлімінен табуға болады.
Сонымен қатар, жолаушылар «Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрықпен әуекомпанияның сайтынан таныса алады.
Маңызды: жолаушы әуежайдың қауіпсіздік қызметі мен әуекомпания қызметкерлері қойған сұрақтарға жауап беруі тиіс. Егер жолаушының жүгі қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмей, тасымалдауға қабылданбаса, FlyArystan әуекомпаниясы мұндай жағдайларға байланысты шығындарға жауапты болмайды.
Post #405
3.41K