FlyArystan Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына тегін әуебилеттер ұсынады
Air Astana компаниялар тобы, оның ішінде FlyArystan, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ аман қалған әскери қызметшілердің өздеріне тегін әуебилеттер ұсынады.
Әуебилеттер 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 3 қазан аралығында ұшатын Air Astana және FlyArystan компанияларының барлық ішкі рейстеріне ұсынылады.
Жақын туыстарына ата-аналары, жұбайлары, балалары, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады.
Әуебилеттерді рәсімдеу кезінде туыстық қатынасты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Әуебилеттерді рәсімдеу үшін келесі байланыс арналарына хабарласуды сұраймыз:
FlyArystan
• Email: help@flyarystan.com
• Телефон: +7 727 331 10 10
• WhatsApp: +7 702 702 0227
Air Astana
• Өтініш формасы
• WhatsApp: +7 702 702 00 74
• Онлайн-чат: airastana.com
Post #1175
485