«Berekeli Beisenbi»: FlyArystan Алания бағытындағы рейстерге 20% жеңілдік ұсынады
FlyArystan әуекомпаниясы Алматы мен Астанадан Аланияға орындалатын рейстерге арнайы ұсыныс жариялайды. 2026 жылғы 24-27 қыркүйек аралығында жолаушылар әуебилеттерін тариф құнына 20% жеңілдікпен сатып ала алады.
Ұсыныс келесі бағыттарға қолданылады:
- Алматы – Алания – Алматы;
- Астана – Алания – Астана.
Науқан аясындағы билеттермен 2026 жылғы 3 қарашадан 2027 жылғы 5 наурызға дейін саяхаттауға болады. Ұсыныс 2026 жылғы 21 желтоқсаннан 2027 жылғы 3 қаңтарға дейінгі кезеңге қолданылмайды. Аланияға рейстер Газипаша әуежайы арқылы ұшады.
Билеттерді тек қана FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайтынан және мобильді қосымшасынан сатып алуға болады. Арнайы тариф бойынша билеттер саны шектеулі. Жеңілдік әуебилеті құнының тарифтік бөлігіне қолданылады.
Сондай-ақ FlyArystan стандартты тарифке өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын және салмағы 7 кг-ға дейінгі бір қол жүгі ғана кіретінін еске салады.
Post #1172
429