TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27070 242
ЖЫЛЫНА 3 МИЛЛИОННАН АСТАМ ҚАБЫЛДАУ: ҚАЗАҚСТАНДА КӨЗ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚАЛАЙ ДАМЫП ЖАТЫР

Қазақстанда заманауи офтальмологияның мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Бұл бағыт көз ауруларын ерте диагностикалаудан бастап, жоғары технологиялық операциялар жүргізу және жасанды интеллектіні қолдануға дейінгі үдерістерді қамтиды. Тек 2025 жылдың өзінде офтальмологтар шамамен 3 млн амбулаториялық қабылдау жүргізді, ал балалардың арасында 3 млн-нан астам профилактикалық тексеру өткізілді.

Офтальмологиялық көмекті дамытудың перспективалары бүгін Алматыда халықаралық қатысумен өтіп жатқан Қазақстан офтальмологтарының «Қазақстан Республикасының офтальмологиясындағы жетістіктер мен болашақ» конгресінде талқылануда.

Конгреске еліміздің өңірлерінен мамандар, медициналық ұйымдардың, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Украина және Қырғызстаннан сарапшылар қатысуда.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Конгреске қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде заманауи офтальмологиялық көмектің халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін атап өтті.

«Біздің міндетіміз – офтальмологиялық қызметті одан әрі дамыту, озық технологияларды енгізу және тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір пациент үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету», – деді министр.

Бүгінде Қазақстанда 1,5 мыңға жуық офтальмолог дәрігер жұмыс істейді. 2025 жылы 127 мыңнан астам пациент стационарлық медициналық көмек алды.

Елімізде офтальмологиялық көмек көрсету стандарты жаңартылды. Балалар офтальмологиясы, глаукоманы, көздің торлы қабығы мен қасаң қабығы ауруларын емдеуді қоса алғанда, мамандандырылған бағыттар дамып келеді.

Шала туған нәрестелердің ретинопатиясын ерте анықтау мен емдеуге ерекше көңіл бөлінуде. 2025–2027 жылдарға арналған жол картасы скринингті жетілдіруді, медициналық ұйымдарды қажетті жабдықтармен жарақтандыруды және мамандар даярлауды көздейді. Кератопластика мен жоғары технологиялық офтальмохирургияны дамыту жұмыстары жалғасуда.

Конгрестің негізгі тақырыптарының бірі – жасанды интеллектіні қолдану. Мамандар медициналық кескіндерді талдау, көз ауруларын ерте анықтау, қауіп-қатерлерді бағалау және клиникалық шешімдер қабылдауды қолдау үшін жасанды интеллектіні пайдалану мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ Конгрестің шеңберінде катаракталық және рефракциялық хирургия бойынша Республикалық форум өтеді. Форумда заманауи хирургиялық технологиялар, күрделі клиникалық жағдайлар және көру қабілетін қалпына келтірудің жаңа мүмкіндіктері талқыланады.

Ғылыми бағдарлама катарактаны, глаукоманы, мөлдір қабық пен көздің торлы қабығы ауруларын емдеу, балалар және онкологиялық офтальмология, витреоретинальдық және рефракциялық хирургия, заманауи диагностикалық әдістер мен цифрлық технологияларды қамтиды.

Конгресс қазақстандық және шетелдік мамандардың басын қосып, клиникалық тәжірибе алмасуға, кәсіби ынтымақтастықты дамытуға және диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін практикалық денсаулық сақтау саласына енгізуге мүмкіндік береді.
More from @denminpr
  1. Sep 26, 2026БОЛЕЕ 3 МЛН ПРИЕМОВ ЗА ГОД: КАК В КАЗАХСТАНЕ РАЗВИВАЮТ ПОМОЩЬ ПРИ ЗАБОЛЕВАНИЯХ ГЛАЗ В Каза…
  2. Sep 26, 2026НОВЫЕ МЕДОБЪЕКТЫ В СЕЛАХ: ТИМУР СУЛТАНГАЗИЕВ ПОСЕТИЛ ВОСТОЧНЫЙ КАЗАХСТАН Первый вице-минис…
  3. Sep 26, 2026АУЫЛДАРДАҒЫ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР: ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНҒА БАРДЫ Қазақста…
  4. Sep 26, 2026В КАЗАХСТАНЕ ВНЕДРЯЮТСЯ УНИКАЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПО ЛЕЧЕНИЮ ПАТОЛОГИЙ СЕРДЦА В НИИ кардиологи…
  5. Sep 26, 2026ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРЕК ПАТОЛОГИЯЛАРЫН ЕМДЕУДІҢ БІРЕГЕЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛУДЕ Кардиология жә…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →