TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27035 433
МИНИСТР ЕМХАНАЛАРДА ДӘРІГЕРГЕ ЖАЗЫЛУДЫҢ НАҚТЫ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова емханаларда медициналық көмектің қолжетімділігін бақылауды күшейтуді тапсырды. Қазан айынан бастап өңірлерде МСАК ұйымдарының жұмысына жүйелі талдау жүргізіледі, ал учаскелік дәрігерлер мен бейінді мамандарға жазылу мүмкіндігі әр екі апта сайын мониторингтен өтеді.

Кеңесте Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы пациенттің ешқандай артық ұйымдастырушылық кедергісіз дәрігерге жазылып, қажетті медициналық көмек алуына нақты мүмкіндігі болуы тиіс екенін атап өтті.

«Егер адам емханаға барып, дәрігерге жазыла алмаса, медициналық көмектің қолжетімділігі туралы қалай айтуға болады? Бұл – жергілікті жерде қамтамасыз етілуге тиіс базалық мәселелер», – деді Ақмарал Әлназарова.


Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитетінің төрайымы Лаурра Ахметнияздың хабарлауынша жүргізілген талдау барысында пациенттердің учаскелік дәрігерлерге де, бейінді мамандарға да өз бетінше жазылуына қатысты шектеулер анықталған.

Бірқатар медициналық ұйымдарда қабылдау кестелері қалыптастырылғанымен, пациенттердің өз бетінше қабылдауға жазылу мүмкіндігі әлі де шектеулі болып отыр.

«Проблема тек қабылдау кестелерінің болуында емес пациенттің қабылдауға өз бетінше жазыла алу мүмкіндігінде. Анықталған кемшіліктер бойынша медициналық ұйымдарға тиісті ұсынымдар жіберіледі», – деді Комитет төрайымы.


Министр денсаулық сақтау басқармаларына медициналық көмектің қолжетімділігін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

«Халыққа онлайн да, офлайн да қолжетімді болу қажет. Адам емханаға келіп, өзіне қажетті барлық ақпаратты алуы тиіс. Дәрігерге жазылу мүмкіндігін қамтамасыз ету – жергілікті жерлердегі денсаулық сақтау жүйесінің күнделікті жұмысы», – деп атап өтті ол.


Қазан айынан бастап аумақтық бөлімшелер мен бейінді департаменттер МСАК ұйымдарының белгіленген стандарттарға сәйкестігіне кешенді талдау жүргізе бастайды. Тексеру тек дәрігерлерге жазылу мүмкіндігімен шектелмей, медициналық көмекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін де қамтиды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
More from @denminpr
  1. Sep 26, 2026НОВЫЕ МЕДОБЪЕКТЫ В СЕЛАХ: ТИМУР СУЛТАНГАЗИЕВ ПОСЕТИЛ ВОСТОЧНЫЙ КАЗАХСТАН Первый вице-минис…
  2. Sep 26, 2026АУЫЛДАРДАҒЫ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР: ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНҒА БАРДЫ Қазақста…
  3. Sep 26, 2026В КАЗАХСТАНЕ ВНЕДРЯЮТСЯ УНИКАЛЬНЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ПО ЛЕЧЕНИЮ ПАТОЛОГИЙ СЕРДЦА В НИИ кардиологи…
  4. Sep 26, 2026ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРЕК ПАТОЛОГИЯЛАРЫН ЕМДЕУДІҢ БІРЕГЕЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ЕНГІЗІЛУДЕ Кардиология жә…
  5. Sep 26, 2026Channel photo updated
  6. Sep 25, 2026💉 Вакцина туралы келесі миф — олардың сапасына қатысты. 🤷‍♀️ Кейбір ата-аналар «Қазақста…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →