TGViewer
DATA HUB Қазақша DATA HUB Қазақша @datahub_kz · 239 subscribers
Post #147 82
«Сенбейтін боларсыз» атты айдарымыздағы жаңалықпен бөлісейік. Қазақстанда - азық-түлік дефляциясы.

Мамырда сәуірмен салыстырғанда азық-түлік тауарлары 0,2%-ға арзандады. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, 2020 жылдың тамызынан бері мұндай жағдай байқалмаған болатын.

Бағаның төмендеуін ішінара маусымдық кезеңмен байланыстыруға болады. Сонымен, қияр 29% –ға, қырыққабат 19,1%–ға, қызанақ 15,4%–ға, жұмыртқа 9,8%-ға қол жетімді болды. Сонымен қатар қарақұмық (-3,3%), күнбағыс майы (-2,1%) арзандады. Айтпақшы, өндірісі баяулап бара жатқан қант бағасының бір айлық өзгеруі туралы ресми статистика тіс жармай отыр.🤨

Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бағытында дефляция туралы сөз жоқ. Бір айда біріншісі 0,5%–ға (-0,2 п.т.), екіншісі 1%-ға (+0,3 п.т.) қымбаттады. Нәтижесінде, айлық инфляция 0,4% деңгейінде қалыптасып, сәуірге қарай 0,2 п.т. баяулады. Бағаның қазіргі өсу қарқыны 2020 жылдың қыркүйегінен бері ең төмені болып табылады.

Жылдық инфляция туралы айтпай қайда барамыз? Қазіргі мәні - 8,5%. Дәл осындай төмен деңгейде ол соңғы рет 2022 жылдың қаңтарында болған еді.

@DataHUB_KZ
  • 👍 2
  • 🥰 1
More from @datahub_kz
  1. Sep 9, 2026@DataHub_KZ
  2. Sep 9, 2026Банктер долларды биржадан тыс сатып алу көлемін кезекті ең жоғары деңгейге жеткізді Тамызд…
  3. Sep 7, 2026Иллюстрацияда – соңғы жылдағы тұрғын үй үшін шешіп алу және қайтару көлемі. Тағы да еске с…
  4. Sep 7, 2026Қазақстандықтар шегі көтерілгеннен кейін зейнетақыны белсенді пайдалануды жалғастыруда 202…
  5. Sep 4, 2026Мөлшерлеме төмендетілді, ал келесі жылға арналған инфляция болжамы нашарлады. Ұлттық банкт…
  6. Sep 4, 2026❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25 %-ға дейін төмендетті @DataHub_KZ
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →