Мөлшерлеме төмендетілді, ал келесі жылға арналған инфляция болжамы нашарлады. Ұлттық банктің қандай аргументі бар?
🔸Қазіргі таңда дезинфляциялық процесс жалғасып жатыр: баға өсімінің қарқыны 11 ай қатарынан баяулап келеді. Бұған қазір, соның ішінде, ұлттық валютаның нығаюы да әсер етті. Халықтың инфляциялық күтулері төмендеді.
🔸2026 жылы инфляция 9-11% аралығында болады деп күтілуде, бұл болжам маусымдағы көрсеткішпен салыстырғанда өзгермеген. Бұған салыстырмалы түрде қатаң ақша-кредит жағдайларының сақталуы және қайтадан айырбас бағамы ықпал етеді.
Алайда 2027 жылға арналған болжам бойынша көрсеткіштің жоғарылауы айтылып тұр: маусымда 5,5%-7,5% деңгейінде күтілсе, қазір 6,5-8,5% болады деп болжануда. Бұған сыртқы инфляция, фискалдық импульстің күшеюі және “реттелетін бағалар алғышартының қайта қаралуы” себеп болып отыр (бұл жерде өз тарапымыздан өткен күзде инфляцияның жеделдеуін тежеуге ТКШ қызметтері сегментіндегі әкімшілік шаралар көмектескенін, ал олардың кейбірі бүгінде де өз рөлін атқарып отырғанын еске сала кетейік).
Дегенмен реттеуші орган ақша-кредит саясатының “жинақталған қатаңдығы” инфляциялық қысымды шектеуге көмектеседі деп күтуде. Ал 2028 жылы инфляция 5% мақсатты көрсеткішке жақын деңгейде тұрақтанады деген болжам бар.
🔸Мұны қысқаша былай түйіндеуге болады: қазіргі оң динамика мөлшерлемені қазір төмендетуге мүмкіндік берді, алайда инфляцияны күшейтетін факторлар мен тәуекелдер артып келеді, демек мөлшерлемені одан әрі төмендету мүмкіндігі шектеулі.
Кезекті шешімді 23 қазанда күтеміз.
@DataHub_KZ
Post #1464
61
DATA HUB Қазақша ❗️❗️❗️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25 %-ға дейін төмендетті @DataHub_KZ
- ❤ 1