универіме енді студент адам емес ретінде келіп не сезініп отырмын? Жәй ғана бағалашы әр сәтті. Мейлі қатарыңнан озық шыққан, ең ақылды, ең әдемі болмай ақ қойшы, ең бірінші сондай адамдардың ортасында жүргеніңе қуан да қолыңнан келген бар әрекетіңді жасай берші. Сол әрекеттеріңмен, барыңмен бақыт жасап алшы. “Мына уақыт қашан тез өтіп кетеді екен”, деп емес, “мен мына уақытты қалай барынша пайдалы, қызықты, берекелі, есте қаларлықтай ете аламын”, деп ойланшы. Адамдардың жаман емес ,ең бірінші жақсы қасиеттерін байқай білші, интровертпін деп жападан жалғыз жүруден сақтаншы, “мен өзгеден төменмін” деп емес, “мен ешкімге ұқсамайтын, дара жаратылған, өзгеге ұқсамайтын, өз жолы, өз тағдыры бар жаратылыспын”, деші. Алдыңа үлкен арман мен мақсат қой да соған жабысып алшы.
Ешқашан көмек сұраудан қашпа, көмек қажет екенін сездің бе, қашпа, жақында, сұра, дәл сендегі мәселе ол жан да бар шығар, болған шығар, шешу жолын ол білетін шығар, көмектесер, ол көмек қылмаса да Құдай алдыңа басқа пендесін жіберер, бір ғана өзімшіл жанның кесірінен бүткіл әлем осындай екен деп өз ішіңе бүркеніп алмашы. Бүркенетіндей әлем тар емес, кең, сыймай қаламын деп қорықпашы, ұялмай аяқ-қолыңды кеңінен соз да , терең дем ал, көр, сөйлес, ұялма, бетің қайтып қалса да уайымдама-бұны қателік демейді, тәжірибе дейді, ал тәжірибе жеңіске жеткізетін жол.
Қай жерде болсаң да, қай жаста, кіммен болсаң да, барыңды бағалашы, ол нәрсе ертең жоқ болуы да мүмкін, мүмкін қазір студент болып жүрсең, ертең де студент боласың деген сөз емес, бүгін бір досың жаныңды жадыратып жүрсе-ол ертең де сенімен бірге болады деген сөз емес, сондықтан барыңды барында бағала, налыма, салыстырма, аз да болсын үздіксіз қадамдарыңмен бақытты бол✨