Франциядағы наразылық: мыңнан астам адам ұсталды
17 қазанда Францияда халық тұрмыcының нашарлауына қарсы өткен наразылық кейбір жерде жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, наразылыққа қатысқан 1 200-ге жуық адам ұсталды. Полиция қызметкерлерінің 150-ге жуығы жарақаттанды.
Париж, Марсель және басқа да ірі қалаларда полиция мен наразылар қақтығысып қалды. Полиция наразыларға су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданды. Ал тәртіпсіздікке қатысушылар полицияға Молотов коктейльдерін лақтырды.
Кейбір жерлерде қымбат дүкендер де тоналды. Лимож қаласында XIX ғасырда салынған әкімдік ғимараты тұтас өртенді. Бордода да тарихи ғимарат отқа оранды. Лионда туристік ақпарат орталығынан өрт шықты.
BBC мәліметінше, Марсель, Лион, Гренобль, По, Монпелье, Тулуза және Валанста өрт қою мен тонау оқиғалары тіркелген. Авиньон, Лилль және Бордо қалаларында наразылар мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына шабуыл жасады. Париждегі Республика алаңында наразылар мен полиция қақтығысты.
Видео: Лимождағы ғимараттың өртенуі. CBS
Post #35766
663
- 🤬 16
- 😁 3
- 😢 1