TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35765 283
Жетісу облысында жол апатынан екі адам қаза болды, 10 адам зардап шекті

17 қазанда Алматы – Өскемен тас жолының 143-шақырымында шағын автобус пен КамАЗ жүк көлігінің тіркемесі соқтығысты. Екі адам қаза болды, тағы 10 адам зардап шекті.
"Алматы–Өскемен автожолының 143-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, оңтүстік бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі өзімен бір бағытта қозғалып бара жатқан КамАЗ жүк көлігінің тіркемесіне соғылды. Екі адам оқиға орнында қаза болды. Sprinter көлігіндегі тағы 10 жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді" деп жазылған Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
  • 😢 7
  • 🔥 1
More from @azattyq
  1. Oct 18, 2026Франциядағы наразылық: мыңнан астам адам ұсталды 17 қазанда Францияда халық тұрмыcының наш…
  2. Oct 18, 2026Петербургқа соғыс басталғалы бергі ең рі шабуылдардың бірі жасалды “Петербург мұнай термин…
  3. Oct 18, 2026Зеленский: Украинада Starlink жылдамдығы шектеулі, бұл реактивті дронды атып түсіруге кеде…
  4. Oct 18, 2026Алма мен пістеден қалай ақша табуға болады? Бағбандардың сұранысқа ие дақылдарға жаппай ау…
  5. Oct 18, 2026MrBeast лақап атымен танымал блогер Өзбекстанға барды. Ол бұл елге туризмді дамыту жобасы…
  6. Oct 18, 2026Украин дрондары “Вконтакте” дата-орталықтарына шабуылдады VK («Вконтакте») компаниясының Л…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →