Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда, 30 қыркүйек және 1 қазан күндері сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев көшесімен қиылыста көлік қозғалысы шектеледі.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Post #2384
720
